Холокост құрбандарын еске алу халықаралық күні: Астанадағы ресми мемориалдық рәсім
2026 жылғы 27 қаңтарда Қазақстандағы Израиль Елшілігі, Қазақстандағы Германия Елшілігі және Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Холокост құрбандарын еске алу халықаралық күніне арналған мемориалдық рәсім ұйымдастырады. Іс-шара Холокосттың тарихи трагедия ретіндегі әмбебап маңызын және халықаралық қоғамдастықтың негізгі гуманитарлық қағидаттарға адалдығын айқындайды.
Рәсімге Қазақстан Республикасының және Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрлері, Израильдің ресми делегациясы, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мүшелері, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының басшылығы, халықаралық ұйымдардың өкілдері, діни көшбасшылар мен жұртшылық өкілдері қатысады.
Рәсім бағдарламасына мыналар кіреді:
Нацистік қуғын-сүргін салдарынан қаза тапқан алты миллион еврей мен өзге де барлық құрбандарды еске алуға арналған бір минут үнсіздік;
Қазақстан, Израиль және Германия өкілдерінің ресми сөз сөйлеулері;
Нобель сыйлығының бейбітшілік саласындағы лауреаты Эли Визельдің өмірі мен мұрасына арналған бөлім;
Мемлекеттер, халықаралық ұйымдар өкілдері, діни көшбасшылар мен дипломаттар қатысатын символикалық шам жағу рәсімі;
Холокост құрбандарының тағдырын және тарихи жадыны сақтаудың маңызын ашып көрсететін «Яд Вашем» фотокөрмесі.
Рәсім ағартушылықты дамытуға, мәдениетаралық және дінаралық диалогты нығайтуға, тарихи шындыққа, моральдық жауапкершілікке және болашақ ұрпақ арасында адам қадір-қасиетіне құрметпен қарауды тәрбиелеуге адалдықты растауға арналған алаң болады.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 27 қаңтар, 19:00–20:00
Өтетін орны: Астана қ, Бейбітшілік және келісім сарайы, төменгі қабат.
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Холокост құрбандарын еске алу халықаралық күні: Астанадағы ресми мемориалдық рәсім
Бөлісу