2018 жылдың қазан айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысушылар Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығын құру идеясын ұсынды.
2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №226 қаулысымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы құрылды.
Орталықтың мақсаттары мен міндеттері
- өзара құрмет жағдайында барлық діндер арасында бейбітшілік пен келісімді орнатуға жәрдемдесу;
- отандық және шетелдік діни бірлестіктермен және олардың рухани көшбасшыларымен тұрақты негізде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- халықаралық құрылымдармен (ұйымдармен, орталықтармен және т. б.) өзара қарым-қатынас жасау, дінаралық және мәдениетаралық диалог мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу;
- әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін, Съезд Хатшылығының және жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
- дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға бағытталған дін мәселелері бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, акциялар мен конкурстар ұйымдастыру және дайындауға қатысу;
- әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі мен даму серпінін талдауды жүзеге асыру;
- шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыптарға материалдар мониторингі;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жәрдемдесу және дін саласындағы, оның ішінде діни және өзге де экстремизмнің көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруда барлық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметіне қатысу;
- конфессияаралық диалогтың қазақстандық тәжірибесін халықаралық деңгейде ілгерілету.