V Съезд

Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер діндер лидерлері V Съезінің жабылуында сөйлеген сөзі

11 маусым 2015 ж.

Жоғары мәртебелі және аса қадірлі діндарлар!

Құрметті қатысушылар мен Съезд қонақтары!

Бүгін біздің форум жұмысына мәртебелі Иордания королі Абдалла Екінші қатысуда.

Ең бірінші, мәртебелі қонаққа жаһандық конфессияаралық келісімді нығайтуға сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіремін.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V Cъезінің ашылуында сөйлеген сөзі

10 маусым 2015 ж.

Ардақты дінбасылар!

Құрметті БҰҰ-ның Бас хатшысы мырза!

Қадірлі съезге қатысушылар мен меймандар!

Ханымдар мен мырзалар!

Сіздерге Қазақстанның құт дарыған жерінен шын жүректен сәлем жолдаймын! Егер әлемде бір нәрсе тек бір ғана мәрте жүзеге асса, онда оны әдетте тарихи кездейсоқтық деп санайды. Екі немесе үш рет болса – бұл тарихи заңдылық. Ал егер көптеген мәрте жүрсе – Ұлы Тарих дегеніміз, міне, осы! Астана Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысушылар мен меймандарын бесінші рет қабылдап отыр!


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың діни лидерлер кеңесінің екінші кеңес отырысында сөйлеген сөзі

10 маусым 2015ж.

 

Қайырлы таң, Жоғары мәртебелі, Аса қадірменді,құрметті қонақтар мен Кеңес мүшелері!

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне қатысуға келген барлық делегация басшылыларына шын жүректен сәлем жолдаймын.