Құрылым

Экономика, қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті

Негізгі мақсаты:

Орталықтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және шаруашылық қызметті тиімді ұйымдастыру.

 

Қызмет бағыттары:

  • Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, қаржылық есептілікті әзірлеу.
  • Бюджетті жоспарлау, бюджеттік өтінімдер мен даму жоспарларын дайындау.
  • Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау.
  • Қаржылық және материалдық ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету.
  • Құжат айналымын реттеу, мұрағат жүргізу және қызметтік құжаттарды тіркеу.
  • Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу және аудиттік тексерістерге қатысу.
  • Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын басқарумен қоса, әкімшілік процестерді қолдау.

 

Байланыс ақпараты:

  • Директор: Хамзин Нұрлан Айтжанұлы
  • Электрондық пошта: Khamzin@nnot.org    

Съездің бастамаларын іске асыру департаменті

Негізгі мақсаты:
Халықаралық диалогты дамыту және жаһандық деңгейде конфессияаралық келісімді ілгерілету, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне дайындық барысын қамтамасыз ету және әдістемелік қолдау көрсету.

Қызмет бағыттары:

  • Съезд және оның институттарының тұжырымдамаларын, күн тәртібін, өткізілу форматтары мен регламенттерін әзірлеу.
  • Сараптамалық және анықтамалық материалдарды дайындау, оның ішінде өмірбаяндар, аннотацияланған күн тәртібі, меморандум құжаттары.
  • Халықаралық діни лидерлермен және беделді ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ИЫҰ және басқалар) өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
  • Съездің ресми сайтын және оның қызметтерін ақпараттық сүйемелдеуді қолдау;
  • Халықаралық іс-шаралар мен конференцияларды, оның ішінде Рухани келісім күніне арналған конференцияны өткізу.
  • Діни мерекелер күнтізбесі мен ресми құттықтау мәтіндерін әзірлеу;
  • Съезд мұрағатын қалыптастыру және хаттамалық құжаттамамен қамтамасыз ету.

Байланыс ақпараты:

  • Директор: Қалилаханова Қарлығаш Тәңірбергенқызы
  • Электрондық пошта: Kalilahanova@nnort.org

Сыртқы байланыстар және ақпараттық жұмыс департаменті

Негізгі мақсаты:
Орталықтың ұлттық және халықаралық деңгейдегі оң имиджін қалыптастыру, негізгі іс-шараларды ұйымдастыру және ақпараттық сүйемелдеу, қазақстандық конфессияаралық келісім моделін ілгерілету және дінаралық диалогты дамыту.

Қызмет бағыттары:

  • Орталықтың халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі іс-шараларын ұйымдастыру және ақпараттық сүйемелдеу;
  • Шетелдік ұйымдармен және қоғамдық пікірді қалыптастырушылармен, БАҚ-пен өзара байланыс орнату;
  • Орталықтың әлеуметтік желілердегі және медиа кеңістіктегі контентін әзірлеу және ілгерілету;
  • Діни және конфессияаралық тақырыптарға қатысты ақпараттық кеңістікті бақылау, күнделікті ақпараттық-дайджестті дайындау;
  • Орталықтың ресми сайтын жаңарту және ақпараттық мазмұнын толықтырып отыру;
  • Имидждік, кәдесый және баспа өнімдерін әзірлеу;
  • Протоколдық хат алмасуды жүргізу, ресми жауаптар мен есептерді дайындау.

Байланыс ақпараты:

  • Директор: Ибраев Руслан Қайратұлы
  • Электрондық пошта: r.ibraev@nnort.org

Дінтану зерттеулер департаменті

Негізгі мақсаты:
Қазақстан мен шет елдердегі діни үдерістерді ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы мемлекеттің дін саласындағы саясатын қолдау және зайырлы қағидаттарды нығайту.

Қызмет бағыттары:

  • Дін саласына қатысты теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
  • Дін саясатына байланысты сараптамалық есептер, баяндамалар мен ұсыныстар әзірлеу.
  • Съезд, Хатшылық және Жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыруға және олардың мазмұнын қамтамасыз етуге қатысу.
  • Радикалдану үдерістерін талдау және оның алдын алуға бағытталған әдістемелік тәсілдерді әзірлеу.
  • Ғылыми мақалалар дайындау және форумдар, семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысу.
  • Халықаралық және отандық ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнату.
  • Орталықтың зерттеу, ағартушылық және диалогтық жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсету.

Байланыс ақпараты:

  • Директор: Липина Татьяна Александровна
  • Электрондық пошта: Lipina.t@nnort.org


Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті

Негізгі мақсаты:

Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде діни ахуалды жүйелі талдау және мониторинг жүргізу арқылы дін саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу.

Қызмет бағыттары:

  • Діни үдерістер мен мәселелерді тұрақты түрде бақылау және анықтау;
  • Жүйелі түрде сараптамалық зерттеулер, шолулар мен сараптамалық жазбалар дайындау;
  • Мемлекеттік және уәкілетті органдарға арналған ұсынымдар әзірлеу;
  • Әдістемелік материалдарды әзірлеу және жергілікті құрылымдарға кеңес беру арқылы қолдау көрсету;
  • Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу;
  • Орталықтың ішкі жобаларына қолдау көрсету.

Байланыс ақпараты:

  • Директор: Малғараева Зауре Боранқұлқызы
  • Электрондық пошта: malgarayeva.zaure@nnort.org

Бейбітшілік және келісім музейі басқармасы

Негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын ғылыми-сараптамалық тұрғыда сүйемелдей отырып, бейбітшілік, диалог пен конфессияаралық келісім идеяларын сақтау және ілгерілету мақсатында көрмелік-экспозициялық және ағартушылық қызмет жүргізу.

Қызмет бағыттары:

  • Бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бастамаларды ақпараттық және имидждік тұрғыдан ілгерілету;
  • Музей қорын есепке алу, сақтау, цифрландыру және қорғау
  • Көрмелер ұйымдастыру, архитектуралық-дизайнерлік шешімдермен көрмелік экспозициялар әзірлеу;
  • Ресми делегациялар мен қонақтарға экскурсиялар өткізу;
  • Экспонаттарды сақтау талаптарын бақылау, күзет, өрт қауіпсіздігі және қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • Сараптамалық есептер дайындау, музей тұжырымдамасын іске асыру және Орталықтың стратегиялық жоспарлауына қатысу.

Байланыс ақпараты:

  • Басшысы: Коскина Раушан Әбдірахманқызы
  • Электрондық пошта: koskina.r@nnort.org

Дінтану сараптамасы департаменті

Негізгі мақсаты:
Ақпарат және білім беру саласында экстремистік материалдар таралуының алдын алу және діни материалдарға заңнама тұрғысынан баға беру мақсатында дінтану сараптамасын жүргізу

Қызмет бағыттары:

  • Діни әдебиетке, интернет-сайттарға, бағдарламаларға, діни сипаттағы заттарға, бұқаралық ақпарат құралдары мен өзге де материалдарға дінтану сараптамасын жүргізу;
  • Діни контенттің қолданыстағы заңнама мен этикалық нормаларға сәйкестігін бағалау;
  • Сараптамалық қорытындылар, анықтамалар және талдамалық материалдардың дерекқорын қалыптастыру;
  • Әкімшілік іс жүргізуге қатысу және мемлекеттік органдарға кеңес беру;
  • Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Сарапшылардың біліктілігін арттыруға арналған курстар әзірлеу және өткізу;
  • «Кибербақылау» жүйесі бойынша келіп түскен материалдарға дінтану сараптамасын жүргізу.

Байланыс ақпараты:

  • Директор: Бірәлі Эльмира Атиғоллақызы
  • Электрондық пошта: elmira.biraly@nnort.org

Әдістемелік жұмыс және жинақтау департаменті

Негізгі мақсаты:
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге және Орталықтың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталған жинақталған талдамалық материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу.

Қызмет бағыттары:

  • Орталық жобалары бойынша ай сайын және қорытынды талдамалық есептер дайындау;
  • Дін және мемлекеттік конфессиялық қатынастар саласы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
  • Елдегі және әлемдегі діни ахуалға мониторинг жүргізу және талдау;
  • Жедел талдау, сараптамалық жазбалар мен сарапшы ұсынымдарын әзірлеу;
  • Дін саласындағы ғылыми және мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастық орнату;
  • Қазақстанды диалог орталығы ретінде ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік тапсырманы және жобалар бойынша KPI көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • Конференциялар, форумдар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу.

Байланыс ақпараты:

  • Директор: Қасымова Жанар Айтқазықызы
  • Электрондық пошта: zhanuss@mail.ru

Персонал басқармасы

Негізгі мақсаты:
Орталықтың тиімді кадр саясатын, еңбек заңнамасының сақталуын және кәсіби, тұрақты және ынталы командасын қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Қызмет бағыттары:

  • Орталықтың кадр құрамын іріктеу, ресімдеу, сүйемелдеу және есепке алу;
  • Еңбек заңнамасы мен ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылау;
  • Қызметкерлердің жеке істері, табельдік есеп, еңбек шарттары мен еңбек демалыстарына қатысты құжаттамаларды жүргізу;
  • Конкурстық және тәртіптік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
  • Кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби дамуын қамтамасыз ету, тағылымдамалар мен оқытуды жоспарлау;
  • Кадр тұрақсыздығының, еңбек тәртібінің бұзылуының және кадр қозғалысының себептерін талдау;
  • Персонал мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Байланыс ақпараты:

  • Басшысы: Жұмағұлов Нариман Мәулетұлы
  • Электрондық пошта: Zhumagulov@nnort.org