ХХІІ Съезд Хатшылығы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXII отырысы туралы ақпарат
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXII отырысы 8 қазанда Астанада өтті. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, сондай-ақ бірқатар беделді халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.
Хатшылықтың отырысына әлемнің 20 елінен 30-ға жуық діни көшбасшылар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Олардың ішінде Әзербайжан, Ватикан, Ұлыбритания, Мысыр, Израиль, Үндістан, Иран, Катар, Қытай, Сауд Арабиясы, Моңғолия, БАӘ, Пәкістан, Португалия, Корея, Ресей, Тайланд, Швейцария, Жапония, сондай-ақ Қазақстан бар. Хатшылықтың жұмысына сонымен қатар Қазақстандағы діни бірлестіктердің: ислам, православие, католицизм, лютеранизм және иудаизмнің атынан олардың басшылары қатысты.
XXII Хатшылықтың ерекшелігі, оның платформасында алғаш рет 2023-2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамыту тұжырымдамасын ілгерілету барысы, сондай-ақ Жас діни лидерлердің бірінші форумын ұйымдастыруға байланысты мәселелер талқыланды.
Рухани дипломатия мүмкіндіктерін дамытуға жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ізгі ниет елшілерінің мәртебесі туралы ереже қабылданды, сондай-ақ осы лауазымға жоғары тұлғалар тағайындалды.
XXII Хатшылықтың басым миссияларының бірі - 2025 жылдың күзінде өткенӘлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің жалпы отырысы өтетін күні мен басты тақырыбы және оның топтық сессияларының тақырыптарын белгілеу болып табылды.