ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ ХХІІ ХАТШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАС ДІНИ ЛИДЕРЛЕР ФОРУМЫ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМА
Құрметті журналистер!
2024 жылғы 8 қазанда Астана қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Басшысы М. Әшімбаевтың төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысы өтеді.
Хатшылық отырысы аясында VIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындысы «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған Тұжырымдамасын» іске асыру туралы пікір алмасу, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIІI съезінің күн тәртібін талқылау жоспарланып отыр.
Өтетін күні: 2024 жылғы 8 қазан.
Өтетін орны: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, Бейбітшілік және келісім сарайы, 5-қабат, баспасөз орталығы.
Шараның басталуы: сағат 10.00.
2024 жылғы 9 қазанда Астанада, Тәуелсіздік сарайында Жас діни лидерлер форумын өткізу жоспарланды.
Форумның мақсаты әртүрлі конфессиялардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, жас ғалымдар мен саясаткерлердің жас өкілдерін қазіргі заманғы өзекті мәселелердің шешімдерін іздеуге, сондай-ақ дінаралық және мәдениетаралық диалог және рухани дипломатия дәстүрлері сабақтастығын қамтамасыз ету және сақтауға кеңінен тартуға бағытталған.
Өтетін күні: 2024 жылғы 9 қазан.
Өтетін орны: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52, Тәуелсіздік сарайы, 2 қабат, баспасөз орталығы.
Шараның басталуы: сағат 10.00.
XXІІ съез Хатшылығы және Форум жұмысын ақпараттық сүйемелдеу және қазақстандық БАҚ-ты тіркеу үшін сіздерден 2024 жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірмей электронды пошта адресіне: nncdiicdmedia@gmail.com жолдауыңызды сұраймыз.