I Съезд

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі алғашқы рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілген болатын.

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ
БІРІНШІ СЪЕЗІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

2003 жылдың 22-24 қыркүйегі
Астана қ.

22 қыркүйек (дүйсенбі)

Кесте бойынша

  • Астана қ. әуежайына келген Бірінші Съез қатысушыларын күтіп алу
  • «Интерконтиненталь» мейманханасына жайғастыру.
  • Жеке түскі және кешкі ас.
  • Тынығу.

23 қыркүйек (сейсенбі)

08.00-09.15  Жеке таңғы ас.

9.15-09.30  «Интерконтиненталь» мейманханасынан шығу және  «Салтанат Сарайы» қабылдау үйіне келу.

10.00-11.30 Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Бірінші Съезінің ашылуы («Салтанат Сарайы» қабылдау үйі ).

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  кіріспе сөзі.

Делегация басшыларының сөздері.

11.30-12.00 Үзіліс.

12.00-13.30 Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бірінші съезі жұмысының жалғасы.

Делегация басшыларының сөздері.

13.40 – «Интерконтиненталь» мейманханасына шығу.

14.00-15.30 Жеке түскі ас.

16.30-17.30 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерімен кездесуі (Қазақстан Республикасының Президенті Сарайы).

17.35  «Интерконтиненталь» мейманханасына шығу.

17.35-19.50  Азат уақыт.

20.00-21.30 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бірінші съезі қатысушыларының құрметіне арналған ресмі кешкі асы   («Интерконтиненталь» мейманханасы).

24 қыркүйек (сәрсенбі)

08.00-09.15 Жеке таңғы ас.

09.15-09.30 «Салтанат Сарайы» қабылдау үйіне шығу.

10.00-11.45 Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бірінші съезі жұмысының жалғасы.

Бірініші Съез қатысушылары-делегаттарының сөздері.

11.45-12.15 Үзіліс.

12.15-13.00 Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бірінші съезі жұмысының аяқталуы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бірінші съезінің жабылуындағы қорытынды сөзі.

13.10  «Интерконтиненталь» мейманханасына шығу.

13.20-14.20 Жеке түскі ас.

14.20 «Байтерек» монументіне шығу.

14.30-15.40 Конфессиялар бойынша дұға оқу.

Конфессиялар басшыларының «Байтерек» монументінің жоғарғы ішкі алаңын тамашалауы.  

15.45 «Интерконтиненталь» мейманханасына шығу.

Ескертпе.

16.00 бастап Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Бірінші Съез құрметті қонақтарымен кездесуі (жеке кесте бойынша).

Делегациялар бағдарламалары бойынша азат уақыт.