ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ XXI ХАТШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР
(2023 жылғы 11 қазан, Астана қ.)
Ислам дінінің өкілдері:
Абдурахман Абдулла Әл-Заид, Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары, доктор.
Назир Мұхаммед әл-Назир Аяд, Әл-Азхар Исламтану академиясының Бас хатшысы.
Шейх-уль Ислам Аллахшүкір Пашазаде, Кавказ мұсылмандары басқармасының Төрағасы.
Мұхаммед бен Абдул Уахид әл-Арифи, Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрлігінің кеңесшісі.
Мухаммад әш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Ректоры.
Али Акбар Зиаи, Иран Ислам Республикасының Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының жетекшісі.
Мұхаммед Зия-үл-Хак, Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының Бас директоры, доктор.
Нешет Бодур, Қазақстандағы Түркия Республикасы Елшілігінің діни мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
Христиан дінінің өкілдері:
Халед Акаше, Ватикан, Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясы Ислам мәселелері бюросының басшысы, монсиньор.
Юрий Новгородов, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі, Қазақстан Республикасындағы Інжіл-лютеран шіркеуінің Архиепископы.
Джо Бэйли Уэллс, Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, епископ.
Илия Кашицын, Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің дінаралық қатынастар жөніндегі хатшысы, дикон.
Иудаизм өкілі:
Жоель Адлер, Израильдің Бас Ашкенази раввинінің өкілі.
Буддизм өкілдері:
Пу Чжэн, Қытай буддистер қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары.
Хунхур Бямбажав, Монғол буддистері орталығы «Гандан Тэгчэнлин» монастырының Да Ламасы, Бейбітшілік үшін Азиялық буддистік конференциясының Бас хатшысы.
Чжу Гёң, «Чогие» Ордені Орталық кеңесінің Төрағасы, монах.
Монтиан Тананарт, Дүниежүзілік буддистер қауымдастығының Бас хатшысы.
Индуизм өкілі:
Самир Шантилал Сомайя, «Somaiya Vidyavihar» университетінің Ректоры.
Даосизм өкілі:
Ли Синьцзюнь, Қытай даосистер қауымдастығының Бейжіңдегі «Байюньгуань» ғибадатханасының қараушысы.
Синтоизм өкілі:
Шинсаку Мицуи, «Джинджя Хончё» Синтоистік ғибадатханалар қауымдастығының Сыртқы байланыстар департаментінің директоры.
Халықаралық ұйымдардың өкілдері:
Анна Павлюченко, БҰҰ Өркениеттер альянсы Жоғары өкілінің кеңесшісі.
Мұхаммед Әбделсалам, Мұсылман Ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы.
Марк Шнайер, «Этникалық өзара түсіністік қоры» ҮЕҰ Президенті, раввин.
Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері:
Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
Қаскелең епископы Геннадий, Қазақстан Православ Шіркеуі істері жөніндегі жетекшісі.
Томаш Бернард Пэта, Астанадағы Әулие Мария Рим-Католиктік Архиепархиясының Архиепископ-митрополиті.
Ешая Элазар Коген, Қазақстанның Бас раввині.
Ляззат Янгалиева, Астана қаласы Бахаи қауымдастығының Қоғамдық ақпарат кеңсесінің Директоры.
Құрметті қонақтар:
Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
Афра Мұхаммед Әл-Саабри, Біріккен Араб Әмірліктерінің Толеранттылық және бірлесіп өмір сүру министрлігінің Бас директоры.
Замир ажы Ракиев, Қырғыз Республикасының Бас мүфтиі.
Ишматбеков Хамид Бахрамович, Өзбекстан мұсылмандары Діни басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары.
Шейх Абдалла бен Хамад Әл Халифа, Король Хамадтың Бейбіт қатар өмір сүру жаһандық орталығының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы.
Қазақстан Республикасының өкілдері:
Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Төрағасы.
Қайрат Умаров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы Төрағасының бірінші орынбасары.
Қанат Ысқақов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығы Төрағасының орынбасары.
Болат Сәрсенбаев, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі Уәкіл