Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Халықаралық онлайн рухани білім орталығы – «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КеАҚ-ның цифрлық кеңістіктегі ағартушылық және сараптамалық жобасы.

Жоба әлемдік және дәстүрлі діндер, адамзаттың рухани мұрасы, дінаралық диалог пен бейбітшілік мәдениеті туралы дәйекті білімді жүйелеуге, сақтауға және таратуға бағытталған. Платформада сараптамалық материалдар, зерттеулер, талдамалық жарияланымдар, білім беру ресурстары мен халықаралық құжаттар жинақталған. Бұл материалдар қазіргі әлемдегі діни әралуандық туралы шынайы әрі жан-жақты түсінік қалыптастыруға көмектеседі.

Миссиясы

Конфессияаралық және дінаралық диалог саласындағы дәйекті білімге, ғылыми сараптамаға және халықаралық тәжірибеге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы бейбітшілік мәдениетін, өзара құрмет пен дінаралық түсіністікті дамытуға үлес қосу.

Мақсаты

Діндер, рухани дәстүрлер және дінаралық диалогты дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибе туралы тексерілген мәліметтерді көпшілікке қолжетімді ететін бірыңғай цифрлық платформа құру.

Негізгі міндеттері

  • әлемдік және дәстүрлі діндер туралы дәйекті білімді жүйелеу және көпшілікке тарату;
  • әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің және Халықаралық орталық жобаларының материалдарын цифрлық форматта сақтау;
  • дін, руханият және дінаралық диалог мәселелері бойынша ашық білім беру және сараптамалық ресурстарды дамыту;
  • бейбітшілік мәдениетін, өзара құрметті және рухани дипломатия қағидаттарын ілгерілету;
  • дінаралық ынтымақтастық саласындағы халықаралық зерттеулерге, талдамалық материалдар мен озық тәжірибелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.