Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың І Съездің ашылуында сөйлеген сөзі
Құрметті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері мен өкілдері!
Бүгін ежелгі қазақ жері зор мәртебеге ие болды – ол әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің лидерлері мен жоғары өкілдерін жер шарының түкпір-түкпірінен өркениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуға шақырып отыр.
Сіздерді Қазақстан жерінде құттықтай отырып, мен сіздердің бірге бас қосып, жиналуға біздің шақыруымызға ден қойғандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Н.Ә.Назарбаевтың Съезд төрағасы болып сайланғаннан кейін сөйлеген сөзі
Құрметті Съезге қатынасушылар!
Менің үлесіме Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер съезін ашық деп жариялау мәртебесі тиді.
Бүгінгі Съезге әлемнің барлық діндерін қамтитын 17 делегация, сондай-ақ құрметті қонақтар мен халықаралық ұйымдардың мүшелері қатысып отыр.