Баяндамалары

Н.Ә.Назарбаевтың Съезд төрағасы болып сайланғаннан кейін сөйлеген сөзі

Бөлісу

Құрметті Съезге қатынасушылар!

Менің үлесіме Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер съезін ашық деп жариялау мәртебесі тиді.

Бүгінгі Съезге әлемнің барлық діндерін қамтитын 17 делегация, сондай-ақ құрметті қонақтар мен халықаралық ұйымдардың мүшелері қатысып отыр.

Мұсылмандардың делегациялары ең биік дәрежеде өкілдік етуде: Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы – Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин әл-Турки, Әл-Азһар Жоғарғы имамы – Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, "Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам" мұсылман ұйымының Президенті – Салман Әл-Хұсаини Әл-Надви, Халықаралық ислам университетінің вице-Президенті – доктор Махмуд Ахмад Гази, Ғылым және жаңа технологиялар Министрлігі жанындағы Ислам заңы және құқығы жөніндегі комитеттің төрағасы Мехди Хадави Могаддам.

Ватикан делегациясын Кардинал Йозеф Томко бастап келді, оның құрамында екі министр бар.

Орыс православие шіркеуіне Мефодий – Апматы және Астана митрополиті, Константинополь православие шіркеуіне – Эммануэль - Франция митрополиті, Англикан шіркеуіне Николас Бэйнс – Крайдон Епископы мен Канон Джонатан Робин Бланнинг Гауф – экуменизм мәселелері жөніндегі Кентерберий Архиепископының Хатшысы өкілдік етеді.

Лютерандық дүниежүзілік одақтан, Лютерандық дүниежүзілік одақтың Бас хатшысы, доктор Ишмаэл Ноко қатысып отыр.

Съезд жүмысына жоғары дәрежеде Бас раввин Йон Мецгер баста- ған иудаизм деяегациясы қатысып отыр. Делегация қүрамында Швейцарияның, Ресейдің, Қазақстанның бас раввиндері, сондай-ақ Еуразия еврейлер конгресінің Президенті бар.

Бүкіл Қытайлық буддистер қауымдастығының делегациясын Цзяму- ян Лосанцзю мэй Тудань-цюэцзинима мен Монғолиядан Азиядағы бейбітшілік жолындағы буддистер конференциясының Бас Хатшысы Тумээхуу Булган басқарады. Бүкілқытайлық даосистер қауымдастығының делегациясына Чжан Цзиюй өкілдік етеді.

Синтоистер делегациясын Синтоистік Храмдар Бас басқармасының Директоры Минору Сонода, индуизм делегациясын Индология және дінаралық үнқатысуды зерттеу жөніндегі институттың Төрағасы, доктор Шантилал Сомайя басқарады.

Рим Папасы киелі Иоанн Павел II және Мәскеу әрі Бүкіл Ресей патриархы киелі Алексий II, сондай-ақ Кентерберий Архиепископы Роуэн Уильямс пен Константинополь Патриархы Варфоломей Съезге өз жолдауларын жіберді.

Мен біздің форумның маңыздылығы және оның жер жүзіндегі бейбітшілік пен келісім үшін мәнін мойындай отырып, қатысушыларға әлемдегі жетекші мемлекеттер мен үкімет басшыларының өз құттықтауларын жолдағандарын жария етуге қуаныштымын.

Олардың ішінде келіп түскен рет бойынша:

Жак Ширак - Франция Республикасының Президенті, Фахд Бен Абдель Әзиз - Сауд Арабиясының Королі, Владимир Владимирович Путин - Ресей Федерациясының Президенті, Джордж Буш - АҚШ Президенті, Тони Блэр - Ұлыбритания Премьер-Министрі, Хосни Мубарак – Египет Араб Республикасының Президенті, Сильвио Берлус- кони – Италия Республикасының Премьер-Министрі, Кофи Аннан – БҰҰ Бас хатшысы, Романо Проди – Еуропа комиссиясының Төрағасы, АҚШ сенаторлары мен конгрессмендерінің тобы, Францияның экс-Президенті Валерии Жикар д’Эстен, Польшаның экс-Президенті Лех Валенса, Ұлыбританияның экс-Премьер-Министрі Маргарет Тэтчер, Германия Федеративтік Республикасының экс-вице Канцлері Ганс-Дитрих Геншер бар.

Құрметті Съезге қатысушылар!

Ең алдымен, Съезд жұмысын бастамас және өз баяндамама кіріспе бұрын, мен Сіздерге жер бетіндегі бейбітшілік пен келісімді мұрат тұтып барлық діндердің, конфессиялар мен халықтардың бірлесуі үшін ерік- жігер, күш-қуат пен даналық берсін деп толғану және Құдайға жалба- рыну үшін бір минуттық тыныштық сақтауды ұсынар едім.

Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!

Жетекші әлемдік діндерінің өкілдерін байырғы қазақ жерінде қарсы алу мен үшін үлкен қуаныш және мәртебелі құрмет. Сіздердің біздің шақыруымызды құп алып, осы форумға келіп қатысқандарыңыз үшін өзімнің және көпұлтты халқымның атынан үлкен алғыс айтамын.

Съездің Еуразияның дәл ортасында өтіп жатқанының терең символдық мәні бар.

Ұлы Дала төсі көптеген ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, буддизм, хритиандық, иудаизм, ислам және басқа да діндерді ұстанған халықтардың бейбіт мекені болуымен ерекшеленді.

Бағзы заманнан күні бүгінге дейін біздің жеріміз сауда мен мәдени айырбастар арқылы Азия мен Еуропа арасын байланыстырушы буын қызметін атқарып келеді. Ол бүгін де көптеген халықтар мен діндердің өкілдері үшін туған үйіндей болып отыр.

Біздің Конституциямыздың кіріспесінде көрінісін тапқан: «Біз – Қазақстан халқы...» деп басталатын бірегей әлеуметтік-гуманитарлық феномен туралы мақтанышпен айта аламыз. Есте қаларлық деректі айтқым келеді. Еліміздің оңтүстігінде Қойлық деген он үшінші ғасыр қалашығының орны бар. Осы ежелгі қоныста будда пагодасы, мешіт пен христиандар шіркеуі көрші орналасқан.

Ал бүгінде біздің басқа қалаларымыздағыдай, Қазақстанның жаңа астанасындада Сіздер мешітке, православ храмына, католиктік костелге, синагогаға, ғибадат үйлеріне еркін кіре аласыздар. Уақытты байланыстырушы арқау дегеніміз, міне, осы.

Аталған съезге дайындық барысында мен Астанада Ұлттар сарайын салу туралы ойға келдім. Онда мешіт, шіркеу, синагога, будда храмы болады. Осында Қазақстан Халықтарының ассамблеясы мен барлық ұлттық-мәдени орталықтар орналасады.

Сөз реті келгенде айта кетейін, Қазақстан Халықтарының ассамблеясы біз үшін мемлекеттік-ұлттық саясатты тиімді жүргізуге көмектесетін азаматтық қоғамның бірегей институты болып отыр. Оның қызметін Қазақстан жұртшылығы мойындап, көптеген елдерден және БҰҰмен ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдардан жоғары баға алды.

Ұлттар сарайы ансамблі 120-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек ететін халықтар бірлігінің біздің еліміздегі өзіндік бір символы болады. Бізде қырықтан астам конфессия өкілдері ешқандай кедергісіз қызмет етуде.

Біздің тұрақты даму мен болашаққа деген мүмкіндігіміз, сөзсіз, ұлттық байлығымыз.

Біз сақтап және нығайтып отырған ұлысаралық және конфессияаралық келісім саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы табыстарды қамтамасыз еткен, түбегейлі және кең ауқымда қайта құруларды қарқынды жүргізуге мүмкіндік берген іргетас болғандығына сенімдімін. Оларды бүгінде көпшілік мойындаған. 

Діни төзімділік, келісім мен ынтымақтастық қағидаларын біз өзіміздің сыртқы саяси қызметімізде де ұстанамыз.

Олар ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік, әділеттілік пен прогресс жолындағы көпсалалық, бірігу, ықпалдастық идеяларына негізделген.

Қазақстан – қуаты жөнінен әлемде төртінші орын алатын өзінің ядролық қару-жарақтарынан өз еркімен бас тартқан және әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жапқан мемлекеттердің ең алғашқысы. Бұл басқа халықтар мен мемлекеттер тарапынан мойындалып, жаһандық қауіпсіздікке біздің қосқан лайықты үлесіміз болды. 

Алматыда өткен аймақ мемлекеттері басшыларының форумында ұжымдық тұрғыдан ресімделген Азиядағы қауіпсіздік пен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруға біздің еліміз бастамашы болды.

Біз осы жылдың ақпан айында Бейбітшілік пен келісім конференциясын өткіздік. Оған әртүрлі конфессиядан көптеген көрнекті дін қайраткерлері қатысты. «Бейбітшілік пен келісімге қарай» Декларациясы қабылданды, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумы құрылды.

Қазақстандағы әрбір діни конфессиялардың басшысы өздері басқарып отырған қауымның қайта түлеуі мен рухани өрлеу деректерін қуаттай алады деп ойлаймын.

Міне, бұл – біздің мемлекетіміздің ең басты жетістіктердің бірі деп есептелетінқоғамдағы бейбітшілікті, келісімді және тұрақтылықты сақтауға ұмтылысының нәтижесі болып табылады.

Біз алдағы уақытта да қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізін нығайта отырып, қажымай-талмай жанқиярлықпен еңбек ететін боламыз.

Осы айтылғандармен қатар, біз бір мемлекет ауқымында бұл бағытта қаншалықты үлкен күш-жігер жұмсалғанына қарамастан, оған сыртқы факторлар жәрдемдеспесе, тиісті нәтиже шықпайтынын көріп отырмыз және анық сезінеміз. Бұл – ғаламшардағы кез келген мемлекет үшін даусыз шындық.

Қазіргі уақытта халықтардың, діндердің, мемлекеттер мен үкіметтердің өзара сындарлы іс-қимылы мен бейбіт қатар өмір сүруі туралы мәселе айрықша маңызды. Ол таза теориялық көзқарастан маңызды тәжірибелік міндеттердің қатарына өтті.

Сондықтан көптеген саяси және дін қайраткерлерінің күш-жігерлерімен бағзы заманнан бүгінге дейін үзілмей келе жатқан діндер, мәдениеттер, өркениеттер арасындағы сұхбатты жалғастыру аса қажетті болып табылады.

Бізге оқиғалар мен құбылыстардың әлемдік өлшемге сай, аймақтық және мемлекет ішіндегі терең сындарлысараптамасы керек.

Мұндай сараптамалар адамзат қауымдастығын келешектегі әрқилы саяси, экономикалық, діни және әскери экстремизмнен сақтандыруға, «күрішті күрмектен тазартуға» сөзсіз көмектеседі.

Осындай талдаулар қазіргі әлемді жайлаған «оңай шешімге» қызыққан, ізгілікке қарсы идеялардың енуіне дауа болатынына күмәнданбаймын.

Мен, осыған орай, қазіргі заманның кейбір мәселелеріне байланысты көзқарастарым жөнінде форумның мәртебелі қатысушыларымен бөліскім келеді.

Біріншіден, соңғы жылдары орын алып отырған «өркениеттер қақтығысы» және «діндер дағдарысы» тақырыптарына қатысты ой-пікірлер негізсіз деп санаймын.

Керісінше, адамзат әлемдік құрылымдағы радикалды өзгерістердің, дүниежүзіндегі миллиардтаған адамдардың технологиялық жаңалықтарға бейімделуіндегі қиындықтардың, ғаламдық нарықтың қатал талаптарының тұсында діни ақиқаттан жауап іздеуге жаппайқайта оралды. Себебі, адами-этикалық өлшем бойынша оларды ешнәрсемен салыстыруға болмайды.

Еуразияның орталық бөлігінің ерекшелігі сол, бұл жерде дін – көптеген халықтардың ұлттық шоғырлану факторына айналған.

Ондаған жылдар бойы осынау ұлан-ғайыр кеңістікте ар-ождан бостандығы мен адамдардың діни парыздарын орындау жолындағы дәстүрлеріжасанды жолмен үзілгенін де ұмытуға болмайды. Біз дін туралы жаңа заң қабылдағаннан кейін дін қайта түлеп, барлық діни қауымдарға келушілердің саны күрт артты, бұл – қуанарлық құбылыс.

Дін –жаһандану дәуірі орнағанға дейін де ізгілік пен мәдени сұхбат идеясын сақтап, жеткізіп келе жатқан жалғыз ғалами құбылыс екені анық.

Діннің рухани күшімен қоса халықаралық ынтымақтастықтың жұмыс істеу институты да бола алатыны анық. Сондықтан жер-жерде және аймақтарда қақтығыстар саны артып, қазіргі кезеңде олардың біразы этнодіндік мазмұнға ие болып отырғанда діннің осындай ерекше мүмкіндігін пайдаланған маңызды.

Саяси үйлестіру әдістері іске аспай отырғанда, Құдай сөзі бітімгершілік пен үміттің жалғыз ғана құралы бола алады. Біздің қазіргі астаң-кестең әлемімізде адамгершіліктің аса жоғарғы үлгілеріне негізделген діни дәстүрлердің ролін басқашабағалау мүмкін емес. 

Өкінішке орай, біз діннің адамдарды саяси әрекетке жұмылдыру мүмкіндігінің қазіргі әлемде игі мақсатқа жұмсалмай отырғанының куәсіміз. 

«Қасиеттілік» деген ұғымның мазмұны бұрмалануда. Оның мазмұнын дұрыс түсіндірмегендіктен, адами қағидалар моральмен, адамгершілікпен, ізгілікпен, кез-келген діннің негізгі ережелерімен үйлеспейтін іс-әрекеттерге, жеккөрушілікке жетелейді.  

Бұрыннан бар мәдени-өркениеттілікке және діни көптүрлілікке идеологиялық, саяси реңк беругежол бермеу керектігін мәлімдейтін уақыттың жеткеніне сенімдімін. 

Біз, енді жалған діни сипаттармен түсіндіріліп, доктринаның бетпердесімен бүркелген зорлық пен зомбылық актілерінің ақиқат мәнін танып, ажыратабілуді және әшкерелеуді үйренуіміз керек.  

Екіншіден, қазір «өркениеттердің қақтығысы» туралы емес, «өркениеттердің тоғысуы» туралы айтқан жөн. Адамзат қазіргі тарихи кезеңде,менің ойымша, болашақта да әлемдік қауымдастықтағыөмір сүрудің мәдени-діни жүйесінің бірегей жәнеәмбебап өркениетті үлгісін жасай алмайтындықтан,«ақырзаманның»ешқандайбелгісі байқалмайды.

Меніңше, бұлардың бәрі – «түс көруден» туындаған аңыздар мен жалған мақсаттар. Және мұны әрбір саналы саясаткер, әрбір мемлекет және дін қайраткерлеріұғынуы керек.

Менің терең сенімім бойынша, кез-келген жекежүйе жалпы адамзаттың ғана емес, тіптен оның бір ғана бөлшегінің тұрақтылығын, тепе-теңдігін және дамуын қамтамасыз ете алмайды. Ол әрқашан өзіндегі қақтығыс пен жарылыс қаупін бүркеп отырады. Көпқырлылық, көпұлттылық пен көпконфессиялық бірлік –ең сенімдітұжырым.

Маңызды және терең тарихы бар, өзіндік бейне мен ділге ие басқа да өркениеттердің, мәдениеттердің, діндердің бар екендігін мойындап, олармен санасуымыз керек. Мұны ешқандай ерікті және күш қолдану әдістерімен бұзуға болмайды.

Қазіргі кезде әлемде өркениеттер қақтығысы емес, мәдени-діни жүйелердің жаңа өмірге, жаңа технологияларға, жаңа қоғамдық қатынастарға бейімделуі жүріп жатыр. 

Жаһандану мен қазіргі технологиялар қоғамдық-саяси жүйедегі өндіріс секілді заман талабына сай үнқататынын біздің барлығымыз түсінеміз.

Қоғам кемшіліктердітүбірімен жоймағанымен, барынша азайта алады, бірақ олардың барлығы бойына тек игілікті ғана сіңірмей, адасушылық та қатар жүреді.

Материалдық игілікпен мүлдем байланысы жоқ,адам үшін басым және негізгі болып қала беретін даусыз құндылықтар бар.

Олардың бастысы – руханилық, өнегелілік.Дін– әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерінің, тарихи әрі мәдени төлтәжірибесінің негізгі сақтаушысы.

Үшіншіден, менің көзқарасым бойынша,жаһандық қауіп-қатерлерге толы ХХІ ғасырдамемлекет пен дінде, азаматтық қоғамда ізгі еркіндіктің көріну тәсілдері мен ерекше әрі біртұтас стратегиясы бар.

Ол – бейбітшілікті сақтауға, келісімге, өзара түсіністікке, елдер, халықтар мен конфессиялар арасындағы ынтымақтастыққа жетуге бағытталған үндеу мен әрекет.

Біздің кезеңніңлаңкестікпен, көпшілікті қырып-жоятын өзге де қарулардың таралуымен, есірткі саудасы және оның салдарларымен, экологиялық апаттармен, өте ауыр физикалық және әлеуметтік кеселдер секілді бүкіләлемдік зұлымдық көріністерімен күрестетек сабыр мен серіктестік арқылы жеңіске жете алмақпыз. 

Сондай-ақ, бұл – қоғамның жоқшылық көріп отырған топтарына қатысты мейірім мен қайырымдылық.

Менің көзқарасым бойынша, аталған мәселелералдағы уақыттаүкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, барлық бүкіләлемдік қоғамдық институттардың қызметінде маңызды орын алуы тиіс. 

Әрине, осы ретте бүкіләлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер өздерінің салмақты рөлін атқаруға міндетті 

Конфессияаралық сұхбат мәдениетінің қалыптасуына Қазақстан жеріндегі кездесу өзінің зиялы үлесін қоса алар еді.

Біздің пікірімізше, сөз осындай сұхбаттасулардың айқындалған тәртібі мен нормаларының қалыптасуы жөнінде,кеңесулерүшін кездесу жүйесін құру туралы болуымүмкін.

Сонымен қатар, бізгетүбегейлі мақсат қоюдың керегі жоқ және оның қажеттілігіде жоқ деген менің пікірімді сіздер бөлісерсіздер деп сенемін. Ұлы діндердің негіздерін құрайтын айырмашылықтарды жойып, біртұтас діни кеңістік жасау мүмкін емес. 

Алайда, қазіргі қайшылықтарға қарамастан, тұрақты сұхбаттастықтың құндылығы –әлдебір «алтын ортаны» іздеу үрдісі мен мәнін сақтаудан тұрады. Еңбастысы,сұхбаттастық – бейбітшілік пен келісім аймағынқұрады, үйлесім мен айқындық уақытын жасайды. Бұдан мен діни сұхбаттың күмән келтірмейтін құндылығын көремін.  

Осыған орай, мен Діндер форумын тұрақты түрде өткізу жөнінде барлық діндер мен конфессиялар өкілдеріне үндеу жасаймын.

Осындай институтты құру дінаралық диалогтың негіздерін нығайтып, діни қайраткерлер мен діндарлардың арасындағы жасампаз байланыстарға жүйелілік береді.

Бұл–болашақтаәлемдегі дінаралық ширығуды бәсеңдетуді, руханиятты, бейбітсүйгіштікті және төзімділікті насихаттауды мақсат ететін халықаралық ұйымның іргетасы бола алады.

Біз, сондай-ақ, Діни төзімділік хартиясын дайындауға алғашқы қадам жасай аламыз. Бүгінде діндердің бейбітқатар өмір сүру қағидаларын белгілеп қана қоймай, олардың арасындағы жасампаз сұхбаттастықтың тиімділігін дәлелдейтін құжат өте қажет.  

Біз Діндердің біртұтас мәдени орталығын құру туралы да ойлана аламыз. Бұл идея ойымда бұрыннан бар және бүгін оны нақты іске асырудың уақыты келіп жетті.  

Егер діни қайраткерлер бұл істе бізге сенсе, онда сіздердің қолдауларыңыз бен қатысуларыңыз арқылы біз бұл маңызды да кезек күттірмес мәселелерді шешуге кірісуге даярмыз.

Құрметті съезд қонақтарымен қатысушылар!

Съезге қатысқандықтарыңыз бен қазіргі әлемдік мәселелерге терең ықылас білдіргендеріңіз үшін Сіздерге тағы да үлкен алғыс айтамын.

Мен бүгінгі рухани басшылардың өз сенімдерін адамдарға біржақты бұрмаламай, таза, түсіністікпен, жауласу пен ашу-ыза құралына айналдырмай жеткізулерін олардыңжоғары мұратыдеп білемін.

Мен сіздердің барлықтарыңыздың нағыз сенімнің, ақиқаттың, ізгілік пен мейірімділіктің сәулесін бойларыңызға ұялатқандарыңызды білемін. Сіздердің шындығында ұлан-ғайыр, кейде лайықты бағалана бермейтін еңбектеріңіз үшін барлығыңызға бас иемін.

Сіздерге бақыт пен ізгіліктілеймін!

Ықыластарыңызға рахмет.