Қызметтің миссиясы мен мақсаттары
Қызметтің миссиясы - Директорлар кеңесі мен Атқарушы органға Орталықтың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерін орындауға қажетті көмек көрсету.
Қызмет жұмысының негізгі мақсаты - тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелі тәсілдер енгізу жолымен Орталықты тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты Директорлар кеңесіне ұсыну болып табылады.
Ішкі аудит міндеттері
ІАҚ-ның негізгі міндеттері аудиторлық тапсырмалар мен консультациялар шеңберінде талдау және бағалау жүргізу болып табылады:
- ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігі;
- тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігі;
- бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығы, толықтығы, объективтілігі және қаржылық есептілігінің сенімділігі;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының, Орталықтың ішкі саясаттары мен өзге де құжаттарының талаптарын сақтау, сондай-ақ осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің тиімділігі (комплаенс-бақылау);
- ресурстарды пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігі және мүліктің (активтердің) сақталуын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістері (тәсілдері);
- корпоративтік басқару жүйесінің және оны жетілдіру процесінің тиімділігін арттыру.