ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫ СЪЕЗІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
2003 жылғы 13 ақпанда діндерді, мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыруда маңызды рөл атқарған Бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясы болды, онда Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу туралы бастама көтерілді.
АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Польша, Германия басшылары Съезге орай құттықтау жолдады және Қазақстанның жаңа бастамасына деген сенімі мен нәтижесі әлемдік мойындалғанын көрсетіп отыр.
2003 жылдың қыркүйегінде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі ерекше оқиға болды: әлемдегі барлық дін өкілдері тұңғыш рет бір үстелге жиналды.
Бірінші съездің мән-маңызы оның тұжырымдамалық идеясында – діндер диалогы – дауларды шешу мен террорға қарсы тұрудың тиімді құралы болып отыр. Бірінші конгрестің мақсаты халықаралық тұрақты институт құру және діни диалог пен келісілген шешім қабылдауда әлемдегі ортақ бағдарды табу болды.
I Съезд Декларация қабылдануымен аяқталды. Онда діни көшбасшылар болашақта үйлесімді әлемнің негізі ретінде қоғамдардағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде бірлескен іс-қимыл туралы мәлімдеме жасады. Одан басқа, дінаралық форумды тұрақты негізде – үш жылда бір рет өткізу және халықаралық және конфессияаралық диалогтың тұрақты жұмыс істейтін органы - Съезд Хатшылығын құру туралы шешім бекітілді. Осылайша Съезд жүйелі міндеттерді шешуде пікірлесу алаңының әлеуетіне ие болды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезі 2006 жылдың қыркүйегінде өтті, Оның жұмысы «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі» болып екі бағытта жүргізілді. Ол осы оқиға үшін арнайы салынған жаңа ғимаратта – Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.
Съездің алғашқы күнінен бастап қатысушылар өз жұмысында басшылыққа алған негізгі бөліктерден тұратын «Дінаралық диалог қағидаттары» құжаты қабылданды. Сонымен қатар, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жаһандық тәртіпті орнатудағы рөлі мен миссиясын күшейтуге бағытталған қазіргі әлемдегі діннің рөлін мойындайтын қорытынды құжат қабылданды.
II Съезге қатысушылар барлық діндер мен этникалық топтардың өкілдерін мәдени және діни айырмашылық негізінде туындайтын қақтығыстардың алдын алуға шақыратын бірлескен декларация қабылдады.
2009 жылдың шілдесінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезі өтті. Ондағы талқылауда «Өзара құрмет пен ынтымақтастық және толеранттылық негізіндегі әлемді құрудағы діни көшбасшылардың ролі» тақырыбы конгресс сипатына белгілі бір өзгерістер енгізді. Бұл Съезде секциялық отырыстар болып, жаңалық әкелді.
Шара соңында діни көшбасшылар мен ұйымдардың дінаралық диалог орнату жөніндегі күш-жігерін үнемі қолдау және ілгерілету, әлемдік қоғамдастықты діндер мен өркениеттер диалогын өрістетуге жәрдемдесуге шақыратын бірлескен қорытынды құжат қабылданды.
Съезд жұмысының қорытындысы бойынша діни көшбасшылар кеңесін құру туралы ұсыныс енгізілді, оның жұмысы мәдениеттер диалогы мен экономикалық ынтымақтастыққа бағытталған басқа халықаралық ұйымдармен диалог пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге арналды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі 2012 жылдың мамыр айында «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы» тақырыбымен өтті. Онда адамзат қауіпсіздігін нығайтудағы, диалог пен өзара түсіністікті жақсартудағы діни лидерлердің маңызды рөлі атап өтілді.
IV съездің маңызды бастамаларының бірі жаһандық толеранттылық пен сенімді қалыптастыруға және нығайтуға арналған G-Global бірыңғай электрондық порталы аясында интернет-ресурс құру болды.
2015 жылғы маусымда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезінің тақырыбы «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» болып белгіленді.
V Съезге қатысушылар тұжырымдаған декларация қағидаттарының бірі әскери қақтығыс тараптарын қақтығыстарды тоқтатуға және келіссөздер арқылы зорлық-зомбылықты тоқтату, бейбіт азаматтарды қорғау туралы келісімдер жасауға шақыруға негізделді.
2018 жылдың қазан айында VI Съезі өтті. Оған қатысушылар «Діни көшбасшылар – қауіпсіз әлем жолында» басты тақырыбына назар аударды және бірауыздан келісім білдірді. Олар мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыру мәселелерін талқылады, жаһандық қауіпсіздік және экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шаралары туралы айтты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі жұмысының нәтижесі өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығу қажеттігін көрсетті. Съезге қатысушылардың декларациясында барлық рухани көшбасшылар әлемдік қоғамдастыққа, адамдар мен мемлекеттерге бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы үндеумен жариялауы қажет екендігі атап өтілді.
VI съезд делегаттары осы бастамаларды бірлесіп іске асыру мақсатында конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша Н. Назарбаев орталығын құру туралы ұсыныс жасады.
2022 жылдың қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. Онда «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» тақырыбы талқыға түсті. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Ватикан және Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск, Мысырдағы «Әл-Азхар» университетінің шейхі Ахмед ат-Тайеб, Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы, Митрополит Антоний Волоколамский, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Джозеф және басқа да діни қайраткерлер сөз сөйледі. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш бейне хабарлама жасады,