Бейбітшілік және келісім мұражайы

Каримова Ақбота

8 жасар ұлыммен музейге бардым. Экскурсияның арқасында біз үлкен ләззат алдық және көптеген жаңа және қызықты мәліметтерді білдік. Біз міндетті түрде сіздің музейіңізге отбасымызбен тағы да барамыз!

Осы музейдің басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздің музейіңізде тамаша экспонаттар бар, оның қызметкерлері өз жұмыстарын кәсіби түрде және ең бастысы сүйіспеншілікпен атқарады.


Оспанова Жансая

Керемет ғимарат, музей басшылығы мен қызметкерлеріне үлкен рахмет. Өте жақсы экспозиция. 


У.Д. Исмаилов

Ағымдағы жылдың 2 наурызында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту Н. Назарбаев орталығының Бейбітшілік және келісім мұражайының бастамасымен Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің түрлі мәдениеттеріндегі әйел бейнесі» көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме экспозициясында келесі Қазақстан суретшілер одағы мүшелерінің туындылары ұсынылды: Өмірәлі Исмаилов, Бахытжан Арипов, Тілеужан Батанов, Дария Қалимова-Қастеева,Қуандық Баймұханов, Әсем Абдуллаева, Гүлдана Жұрқабаева, Динара Нүгер, Аманжол Мусалимов, Асылмардан Қадырбаев, Қайрат Жәйірбекұлы, Оңалбек Аиин, Ақтоты Смағұлова,Дүйсен Сыдығалиев, Сейсенхан Маханбетов, Мәжіт Байтенов, Руслан Жүнісов, Еркінбек Есимов, Әділғали Баяндин, Бақытбек Мұхаметжан, Ерлан Назаркүл, Аманат Назаркүл,Бақытнұр Бүрдесбеков, Марат Түксаитов, Ренат Елубаев, Исмаил Ачилов, Гүлмарал Тәттібаева.

Өз атамнан Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту Н. Назарбаев орталығының басшылығына «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы» атты атриум залын ұсынғаны үшін үлкен ризашылығымды білдіремін. Осы көрме жұмысына белсенді атсалысқан барлық суретшілерге де алғысым шексіз. Сізге шығармашылық табыс және одан әрі ынтымақтастық тілеймін.

Құрметпен,

Нұр-Сұлтан қ. «Суретшілер одағы» ҚБ Басқарма Төрағасы