Жұмыс тобы туралы
Съезд Хатшылығының Жұмыс тобы
Съезд Хатшылығының Жұмыс тобы – Съезді дайындау, Съезд Хатшылығының қызметі және Съезд аралық кезеңде Съезд шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша тұрақты мазмұндық, сараптамалық және келісу жұмыстарын қамтамасыз ететін Хатшылықтың жұмыс органы.
Съезд Хатшылығының Жұмыс тобы Хатшылық құрамында ұсынылған әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдерінен, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органмен келісу арқылы бекітілген құрамға сәйкес өзге де шетелдік өкілдерден құрылады.
Съезд Хатшылығы Жұмыс тобының негізгі функциялары мен міндеттері:
- Съезд Хатшылығының қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала мазмұндық және тұжырымдамалық тұрғыдан пысықтайды;
- Съезд және Съезд Хатшылығы күн тәртібінің, декларацияларының, коммюникелерінің, хаттамаларының, жол карталарының және өзге де құжаттарының жобаларын қарайды және келіседі;
- Съезд, оның жалпы және секциялық отырыстары, халықаралық іс-шаралары мен бастамаларының тақырыптары мен мазмұнына қатысты ұсыныстарды қарайды;
- Съездің қорытынды құжаттары мен Съезд Хатшылығы шешімдерінің іске асырылу барысын қарайды;
- Съезд аясында жүзеге асырылатын халықаралық бастамалар мен жобалар бойынша ұсыныстар енгізеді;
- Съезд Хатшылығының басшысы тапсырған немесе уәкілетті мемлекеттік органмен келісу арқылы Орталық енгізетін өзге де мәселелерді қарайды.