VII Съезд

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің ашылуында сөйлеген сөзі

Құрметті дінбасылар!

Қадірлі меймандар!

Ханымдар мен мырзалар!

 

Қонақжай Қазақ жеріне қош келдіңіздер! Әлемдегі ең беделді рухани көшбасшылардың басын қосып, диалог құру – біз үшін зор мәртебе.   Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Ватиканның және Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Францискіге ілтипатымды білдіремін.  Сіз  діндер және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға зор үлес қостыңыз.  


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің жабылуында сөйлеген сөзі

Аса қадірлі меймандар!

Құрметті Съезге қатысушылар!

 

Қазақ жері екі күннен бері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналды.  

Дүние жүзіндегі беделді дінбасылар бір шаңырақтың астына жиналды.

Сіздер барша адамзаттың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдыру үшін әлемнің әр түкпірінен келіп отырсыздар.

Осының өзі дінаралық келісім мен ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.