Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ ХАТШЫЛЫҒЫ

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы – 2003 жылғы 23–24 қыркүйекте өткен І Съезге қатысушылардың шешімімен құрылған, форумның тұрақты жұмыс істейтін органы.

Хатшылық өз құзыреті шеңберінде Съездің тұрақты атқарушы органы функцияларын жүзеге асырады. Оның өкілеттіктеріне стратегиялық күн тәртібін қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ пленарлық отырыстар барысында және жоғары деңгейдегі келісімдер аясында қабылданған міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу және үйлестіру кіреді.

Хатшылық құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 23 отырыс өткізілді. Бұл Съезд қызметінің тұрақты әрі жүйелі сипатқа ие екенін көрсетеді. Хатшылық отырыстарының тұрақты өткізілуі Съезді дайындаудың тиімді тетігін қалыптастыруға, қабылданған шешімдердің сабақтастығын қамтамасыз етуге, форумның күн тәртібін жетілдіруге, сондай-ақ діни лидерлер мен халықаралық ұйымдар өкілдері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Хатшылық құрамына ислам, христиандық (православие, католицизм, лютерандық), буддизм, иудаизм, индуизм, зороастризм, даосизм, синтоизм діндерінің әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың уәкілетті өкілдері кіреді.

Хатшылықтың негізгі функциялары мен міндеттері:

Хатшылықтың негізгі міндеті – Съезд отырыстары арасындағы кезеңде Съездің қызметін қамтамасыз ету.

Съезд Хатшылығы өз қызметі шеңберінде:

  • Съезд пен оның институттарын дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды;
  • кезекті Съездің күн тәртібін қалыптастырады;
  • Съезд Хатшылығының Жұмыс тобы алдын ала пысықтап, келісілген декларациялар, коммюникелер және Съездің өзге де бағдарламалық әрі қорытынды құжаттарының жобаларын қарайды;
  • Съездің қорытынды құжаттарын және Съезд Хатшылығының шешімдерін іске асыру мәселелерін қарайды;
  • Съезд аясында халықаралық іс-шаралар, жобалар мен бастамаларды өткізу жөніндегі ұсыныстарды қарайды;
  • Съездер арасындағы кезеңдегі қызметтің нәтижелерін және Съездің мақсаттары, міндеттері мен бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету нәтижелерін қарайды;
  • Съезді дамыту тұжырымдамасында және Съезд шешімдерінде өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарайды;
  • Съезд бен оның институттарының қызметіне қатысты өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
  • Съезд Хатшылығының шешімдері хаттамамен ресімделеді.

Басшылығы:

Хатшылықтың басшысы – «Қазақстан Халық Кеңесінің» Төрағасы.

«Қазақстан Халық Кеңесі» мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дайындау мен өткізуді, сондай-ақ оның институттарының қызметін қамтамасыз етеді.