Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XXII отырысының хаттамасы
2024 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXII отырысы Астана қаласында өтті.
Отырысқа қатысқандар:
Ислам өкілдері:
Абдрахман Мұса, Шейх Әль-Азхар Кеңсесінің басшысы, Елші (Мысыр).
Абдель Азиз бен Ахмад Сархан, Дүниежүзілік Ислам Лигасының Арнайы өкілі, доктор (САК).
Джейхун Рустамов, Кавказ мұсылмандары басқармасы төрағасының өкілі, Кавказ мұсылмандары басқармасының өңірлік уәкілі (Әзірбайжан).
Ахмад бен Абдулла Аль-Фарис, Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі орынбасарының көмекшісі, доктор.
Усама Фахри, Мысыр Араб Республикасы Уақыфтар министрлігінің Мешіттер және қасиетті Құран істері жөніндегі Орталық департаментінің басшысы, доктор.
Али Акбар Зиаи, Иран Ислам Республикасының Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының басшысы, доктор.
Мухаммед Зия Үль-Хак, Исламабад Халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының бас директоры, доктор (Пәкістан).
Христиан дінінің өкілдері:
Нектарий, Иерусалим православие шіркеуінің Епископы, Анфидон архиепископы, Ыстамбул қаласындағы Иерусалим Патриархатының өкілі (Түркия).
Илия Кашицын, Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің Дінаралық қатынастар жөніндегі хатшысы, Ресей Дінаралық кеңесінің Атқарушы хатшысы, діни қызметкер (Ресей).
Халед Акаше, Қасиетті Тақтың Дінаралық диалогы жөніндегі Дикастерия Ислам мәселелері жөніндегі бюросының басшысы, монсеньор (Ватикан).
Юрий Новгородов, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі, Қазақстан Республикасындағы Евангелиялық-лютерандық шіркеудің құрметті архиепископы (Швейцария).
Джо Бэйли Уэллс, Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, Англикан қауымдастығының епископтық қызметі мәселелері жөніндегі Епископы (Ұлыбритания).
Буддизм өкілдері:
Чжэн Цэ, Қытай Буддистер қауымдастығының вице-президенті, Хубэй провинциясының Буддистер қауымдастығының президенті (Қытай).
Арифин Яма, Дүниежүзілік буддистер қауымдастығының өкілі, доктор (Тайланд).
Мунджонг, «Чогие» корей буддистік орденінің Миссионерлік зерттеулер бөлімінің директоры (Корея Республикасы).
Баяр Энхболдын, Монғол Буддистер орталығы «Гандан Тегчэнлин» монастырі әкімшілігінің монахы (Моңғолия).
Индуизм өкілі:
Абишек Гош – «Somaiya Vidyavihar» университеті Дхарма факультетінің деканы, профессор (Үндістан).
Даосизм өкілі:
Чжан Синфа – Қытай Даосизм колледжінің Оқыту және зерттеу бөлімінің профессоры (Қытай).
Синтоизм өкілі:
Шинсаку Мицуи – «Джинджя Хончё» қауымдастығы Сыртқы байланыстар департаментінің директоры (Жапония).
Бахаи өкілі:
Дэвид Рутштейн – Бахаи дүниежүзілік қауымдастығының Бас хатшысы, доктор (Израиль).
Халықаралық ұйымдардың өкілдері:
Мұхаммед Абдельсалам, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы (БАӘ).
Мухаммед Али аль-Гамди, Доха Халықаралық дінаралық диалог орталығы төрағасының орынбасары (Катар).
Құрметті қонақ:
Афра Мұхаммед Әльсаабри, БАӘ Толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру министрлігінің бас директоры (БАӘ).
Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері:
Наурызбай қажы Тағанұлы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
Қаскелең епископы Геннадий, Қазақстанның Православие шіркеуінің іс басқарушысы.
Томаш Бернард Пэта, Астана қаласындағы әулие Мария Рим-Католиктік Архиепархиясының Архиепископ-митрополиті.
Шмуэль Карнаух, «Астана қаласының Еврей қауымы» дінаралық бірлестігінің директоры.
Қазақстан Республикасының өкілдері:
Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы.
Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
Ақан Рахметуллин, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы басшысының орынбасары.
Қанат Ысқақов, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы басшысының орынбасары.
Дианна Есенова, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының м.а.
Съезд Хатшылығының XXII отырысы барысында келесі Күн тәртібі бекітілді:
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдар кезеңіне арналған тұжырымдамасын ілгерілету туралы.
- «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Ізгі ниет елшісі» мәртебесін тағайындау туралы ережені бекіту.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Ізгі ниет елшілерін сайлау.
- Жас діни лидерлердің бірінші форумын өткізу туралы.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысының тақырыбын және панельдік сессиялардың тақырыптарын анықтау.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезін және Съезд Хатшылығының ХХIII отырысын өткізу мерзімдерін анықтау.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXII отырысының хаттамасын қабылдау.
Съездің XXII Хатшылығының отырысы барысында Күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша табысты және сындарлы пікір алмасу өтті.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша сөз сөйлеуге және пікірталасқа Хатшылықтың барлық мүшелері қатысты.
Съезд Хатшылығының XXII отырысына қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып мынадай шешімдер қабылданды:
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023 жылдан бастап 2033 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасын ілгерілету туралы ақпарат назарға алынсын.
Съезд Хатшылығы мен оның жұмыс органы – Н.Назарбаев орталығы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелерін ілгерілету мақсатында беделді халықаралық ұйымдармен және түрлі орталықтармен конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі ынтымақтастықты күшейту.
- «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің «Ізгі ниет елшісі» мәртебесін беру туралы ережесі бекітілсін.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Ізгі ниет елшілері болып келесі жоғары тұлғалар:
Феофил III - Қасиетті Иерусалим қаласының және бүкіл Палестинаның. Сирияның, Арабияның, обонпол (екі жағалау) Иорданияның, Галилея Канасының және Әулие Сионның аса құрметті Патриархы.
Джо Бейли Уэллс - Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, Англикан қауымдастығының Епископтық қызметі мәселелері жөніндегі Епископы.
Тхить Дык Тхиен - Бас хатшы, Вьетнам будда сангхасының Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары.
Мухаммед Абдельсалам - Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас хатшысы.
Димаш Құдайберген - қазақ әншісі, композитор және мультиинструменталист. Қазақстанның Халық әртісі сайлансын, оларға айрықша белгілері мен куәліктері табысталсын.
- Жас діни лидерлердің бірінші форумын өткізу туралы ақпарат назарға алынсын.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысының тақырыбы «ДІНДЕР ДИАЛОГЫ: БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДАҒЫ СИНЕРГИЯ» деген тұжырымда айқындалсын.
VIII съездің панельдік сессияларының келесі тақырыптары белгіленсін:
1-сессия: «ХХІ ғасыр: адамзатты ортақ мүддеге ұйыстырудағы діндердің рөлі».
2-сессия: «Дін – әлемнің орнықты дамуының факторы».
3-сессия: «Цифрлық даму және жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылықтар».
4-сессия: «Дін – экстремизмге қарсы».
- 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі шақырылсын.
2025 жылғы 16 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIII отырысы өткізілсін.
Съезд Хатшылығының XXIII отырысын сапалы дайындау мақсатында Хатшылықтың Жұмыс тобының кезекті отырысы 2025 жылғы 15 қыркүйекте өткізілсін.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXII отырысының хаттамасы қабылдансын.
- Қабылданған шешімдер туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері және басқа да көрнекті дін қайраткерлері хабардар етілсін.
2024 жылғы 8 қазанда Астана қаласында қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, жапон, иврит, түрік, фарси және моңғол тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды, мұндағы құжаттың барлық тілдік нұсқаларының күші бірдей.
Хаттама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының штаб-пәтерінде – Н.Назарбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығында сақталады, ол әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
2024 жылғы 8 қазан
______________________________________
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Cъезі Xатшылығының XX отырысының хаттамасы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Cъезі Хатшылығы XIX отырысының хаттамасы
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезі Хатшылығы ХVІІІ отырысының хаттамасы
2019 жылдың 18 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХVIІI отырысы өтті.
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезі Хатшылығы ХVІІ отырысының хаттамасы
2018 жылдың 9 қазанында Астана қ. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХVII отырысы өтті.
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Cъезі Хатшылығы ХVІ отырысының хаттамасы
2017 жылғы 18 мамырда Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының ХVІ отырысы өтті.
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Cъезі Хатшылығы ХV отырысының хаттамасы
2016 жылдың 1 маусымында Астана қ. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХV отырысы өтті.
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Cъезі Хатшылығы ХIV отырысының хаттамасы
2015 жылдың 9 маусымында Астана қ. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХIV отырысы өтті.
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Cъезі Хатшылығы ХІІІ отырысының хаттамасы
2014 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қ. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХIII отырысы өтті.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Cъезі Хатшылығы XII отырысының хаттамасы
2013 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласында Съез Хатшылығының басшысы Қайрат МӘМИДІҢ төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Cъезі Хатшылығының XII отырысы өтті.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Cъезі Хатшылығы ХІ отырысының хаттамасы
2012 жылдың 29 мамырында Астана қ. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мамидің төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХI отырысы өтті.
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезінің Хатшылығы X отырысының хаттамасы
2011 жылдың 20-21 маусым аралығында Астана қаласында Қайрат Мәмидің (Хатшылық Жетекшісі) төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі Хатшылығының X-отырысы өтті.
- 1
- 2