2016 жылдың 1 маусымында Астана қ. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХV отырысы өтті.
Отырысқа қатысқандар:
ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІ
Мухиддин Афифи – әл-Азхар академиясының Бас Хатшысы;
Мункиз Махмуд Ас-Саккар – ДИЛ Ғылыми зерттеулер басқармасының кеңесшісі, доктор;
Абдулла ибн Фахд аль-Лхидан – Сауд Арабия корольдігінің Ислам істері жөніндегі Министр кеңесшісі,
Гахрамон Сулеймани – Иран Ислам Республикасының Мәдениет және ислам байланысы жөніндегі Ұйым Төрағасының орынбасары;
Мухаммад Зия уль-Хак – Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының профессоры, директоры (Пәкістан Ислам Республикасы).
ХРИСТИАН ӨКІЛДЕРІ
Халед Акаше – Дінаралық диалог бойынша Қасиетті Тақтың Папалық Кеңесі ислам бюросының меңгерушісі (Ватикан);
Григориос Йоннидис – Франция Митрополиясының Грек православ шіркеуінің Викариі, Жаңа Рим және Бүкіләлемдік Патриарх – Константинополь Архиепископының өкілі;
Маркос Оганесян – Украинадағы армян епархиясының жетекшісі, епископ;
Ричард Аткинсон – Англикан шіркеуінің өкілі, Бэдфорд қ. епископы;
Юрий Новгородов – Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы;
Димитрий Сафонов – Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің дінаралық байланыс Хатшысы, дін қызметшісі.
ИУДАИЗМ ӨКІЛДЕРІ
Шахар Рахмани – Израиль Ашкеназиялық Бас раввин өкілі, раввин.
БУДДИЗМ ӨКІЛДЕРІ:
Фаллоп Тайиари – Бүкіләлемдік буддистер қауымдастығының Бас Хатшысы;
Цзюэ Син – Бүкілқытай буддистер ассоциациясы Төрағасының орынбасары, Буддистер институтының вице-президенті;
Хамба Лама Хунхур Бьямбажав – Моңғолия Буддистік Орталығының Гандан Тэгчэнлин монастрінің басшысы;
Янг Ки Хун – Орталық Азиядағы «Чогечон» корейлік буддистік ұйымның зерттеу Институтының өкілі.
ДАОСИЗМ ӨКІЛІ
Цзи Хунчжун – Бүкілқытай даосистері ассоциациясы Төрағасының орынбасары.
ИНДУИЗМ ӨКІЛІ:
Кала Дханаджей Ачария – «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениет мұғалімдерін әзірлеу бойынша Ұйымның директоры, Санскрит және үнді мәдениетін зерттеу Оқу орталығының Директоры (Үндістан).
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛІ
Мэтью Ходс – БҰҰ Өркениеттер Альянсының директоры.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІ
Ержан Маямеров – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти;
Александр – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік Аймағының Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті.
Томаш Пэта – Нұр-Сұлтан қ., Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископы, Қазақстан католик епископтері Конференциясының төрағасы, митрополит.
Борис Манойленко – Қазақстан Республикасы Бас раввинінің өкілі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ
Марат Әзілханов– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен идеяларын алға жылжыту бойынша Уәкіл.
Съез Хатшылығының ХV отырысы барысында келесі Күн тәртібі бекітілді:
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съез қорытындысы және Съез Хатшылығының XIV отырысы бойынша пікір алмасу.
- Келесі мәселелер бойынша пікір алмасу:
– Дінаралық диалогты орнатуға қосқан үлесі үшін Астаналық халықаралық премия беру жөнінде;
– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалімен марапаттау;
– Бейбітшілік және келісім музейін құру туралы.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезінің тақырыбы мен күн тәртібі бойынша ұсыныстарды талқылау.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съез Хатшылығының XVI отырысының уақыты мен орнын белгілеу.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съез Хатшылығының XV отырысы Хаттамасын қабылдау.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съез Хатшылығының ХV отырыс қатысушыларының ұсыныстарына сәйкес келесі шешімдер қабылданды:
I. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съез қорытындылары бойынша қатысушылардың ұсыныстарын назарға алу.
II. Тұжырымдамалық ережелерді мақұлдау:
– Дінаралық диалогты орнатуға қосқан үлесі үшін Астаналық халықаралық премия туралы;
– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалімен марапаттау туралы;
– Бейбітшілік және келісім музейін құру туралы.
III. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съездің басты тақырыбы ретінде «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» бекітілсін, VI Съездің секциялық отырыстардың келесі тақырыптары бекітілсін:
- «Әлем. ХХІ ғасыр манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде»;
- «Құбылмалы геосаясат жағдайындағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкіндіктер»;
- «Дін және жаһандану: сын-тегеуріндер мен жауаптар»;
- «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында».
IV. Съез Хатшылығының келесі XVI отырысын Астана қ. 2017 жылдың 9 тамызында өткізу.
V. Діни лидерлер кеңесі мүшелері мен дін басшыларын қабылданған шешімдер жөнінде хабардар ету.