Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Cъезі Xатшылығының XX отырысының хаттамасы

Бөлісу

2022 жылғы 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасыӘлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен ӘШІМБАЕВТЫҢ төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының ХХ отырысы өтті.

 

Отырысқа қатысқандар:

 

Ислам өкілдері:

 

Шейх-Уль-Ислам Аллахшукюр Паша-Заде – Кавказ Мұсылмандары басқармасының Төрағасы.

Абдель Азиз бен Ахмад Сархан – Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшының арнайы өкілі.

Назир Мухаммед Мухаммед аль-Назир Аяд – Әл-Азхардың Исламдық зерттеулер академиясының Бас хатшысы.

Мухаммед бен Абдулуахид аль-Арифи – Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам, шақыру және тәлім беру істері жөніндегі министрдің кеңесшісі.

Нешет Бодур – Нұр-Сұлтан қаласындағы Түркия Республикасы елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі.

Мухаммед Зия Уль-Хак – Исламабад Халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының бас директоры.

Мухаммед аш-Шахат аль-Джинди – Мысыр Араб Республикасы Уақыфтар министрінің өкілі, «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр Ислам мәдениеті университетінің ректоры, доктор.

Захра Рашидбейги – Иран Ислам Республикасының Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының Ислам және Христиан диалогы департаментінің директоры.

 

Христиан өкілдері:

Надер Мограби – Иерусалим Православие Шіркеуінің Патриархының кеңесшісі.

Димитрий Сафонов – Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының дінаралық байланыс жөніндегі Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің хатшысы.

Халед Акаше – Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог бойынша Папалық кеңесінің Ислам мәселелері жөніндегі бюросының басшысы.

Юрий Новгородов – Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы.

Джо Бейли Уэллс – Англикан шіркеуінің өкілі, Доркинг қаласының епископы (Ұлыбритания).

 

Иудаизм өкілдері:

Шломо Минахен Кук – Израильдің Бас сефард раввинінің өкілі, раввин.

 

Буддизм өкілдері:

Хунхур Бямбажав – Бейбітшілік үшін Азия буддистер конференциясының Бас хатшысы.

Сонг Чжин – Корей Буддисттік «Чогие» орденінің Халықаралық байланыстар жөніндегі комитетінің мүшесі, Намянгчжу қаласындағы Сонгванс храмының жетекшісі.

Кун Цао – Қытай Буддистер қауымдастығы қызметкері.

 

Даосизм өкілдері:

Фэн Хэ – Қытай Даосистері қауымдастығының Халықаралық бөлімінің меңгерушісі.

 

Синтоизм өкілі:

Шинсаку Мицуи – «Джинджя Хонче» синтои храмдар қауымдастығы Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі департаментінің төрағасы.

 

Индуизм өкілі:

Рудракша Сакрикар – «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламасының хатшысы.

 

Халықаралық ұйымдарының өкілдері:

Нихал Саад БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілінің орынбасары.

Мухаммед Абдел Салам – Мұсылман Ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы,Адамзат бауырластықтың жоғары комитетінің Бас хатшысы (БАӘ).

 

Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері:

Наурызбай қажы Тағанұлы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Александр – Астана және Қазақстан митрополиті.

Томаш Бернард Пэта – Нұр-Сұлтан қаласындағы Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископ-митрополиті.

Ешая Элазар Коген  Қазақстанның бас раввині.

 

 

 

Қазақстан Республикасының өкілдері:

Мәулен Әшімбаев – Қазақстан Республикасы  Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы.

Дархан Қыдырәлі – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Ақан Рахметуллин – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы басшысының орынбасары.

Серік Егізбаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы басшысының орынбасары.

Болат Сәрсенбаев – «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ  төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі.

 

Съезд Хатшылығының ХХ отырысы барысында мынадай Күн тәртібі бекітілді:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің Күн тәртібін мақұлдау.
  2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің секциялық отырыстарының модераторлары мен баяндамашыларын бекіту.
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің қорытынды құжаты – ДЕКЛАРАЦИЯ жобасын мақұлдау.
  4. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXI отырысын өткізу күні мен орнын айқындау.
  5. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезін өткізу мерзімдерін айқындау.
  6. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XX отырысының Хаттамасын қабылдау.

 

Хатшылық отырысы кезінде Күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша нәтижелі және сындарлы пікір алмасу болды.

 

        Жоғарыда аталған мәселелер бойынша талқылау мен пікірталастарға Хатшылықтың барлық мүшелері қатысты.

        Съезд Хатшылығының ХХ отырысына қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, мынадай шешімдер қабылданды:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің Күн тәртібі мақұлдансын.

 

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің секциялық отырыстарының модераторлары мен баяндамашыларының Тізімі бекітілсін.

 

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі Декларациясының жобасы мақұлдансын.

 

  1. Съезд Хатшылығының келесі XXI отырысы 2023 жылдың күзінде Нұр-Сұлтан қаласында өткізілсін.

Съездің XXI Хатшылығын өткізуге тиімді дайындалу үшін  2023 жылы Хатшылықтың Жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілсін.

 

  1. 2025 жылы Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі өткізілсін.

 

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының ХХ отырысының Хаттамасы қабылдансын.

 

2022 жылғы 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, итальян, иврит, түрік, парсы және моңғол тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды, онда құжаттың барлық тілдік нұсқаларының күші бірдей.

 

Хаттама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының штабында – Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында сақталады(Нұр-Сұлтан қ.).

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы әрбір Тарапқа құжаттың куәландырылған көшірмесін жедел жолдайды.