Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Cъезі Хатшылығы ХIV отырысының хаттамасы

Бөлісу

2015 жылдың 9 маусымында Астана қ. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХIV отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар:

ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІ

Мункиз Махмуд ас-Саккар – БИЛ Ғылыми зерттеулер басқармасының кеңесшісі, доктор;

Абдулла Фахад аль-Лихидан - Сауд Арабия корольдігінің Ислам істері жөніндегі Министр кеңесшісі,

Али Мохаммад Хельми – Иран Ислам Республикасының дінаралық диалог жөніндегі Орталықтың Директоры;

Гоуда аль-Басиуни Али – Ректор египетского университета исламской культуры «Нур-Мубарак»;

Ма Цзе – Қытай мұсылмандары Ассоциациясы халықаралық бөлімінің қызметкері;

Алам Шах Фахре – «Жамагат-у-Шабаб-е-Ислам» Бихар штатындағы мұсылман ұймының Президенті (Үндістан),

Мухаммад Зия уль-Хак – Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының профессоры, директоры (Пәкістан Ислам Республикасы).

ХРИСТИАН ӨКІЛДЕРІ

Эммануил Адамакис – Франция Митрополиті, Экумендік Патриарх Варфоломей өкілі;

Халед Акаше – Дінаралық диалог бойынша Қасиетті Тақтың Папалық Кеңесі ислам бюросының меңгерушісі (Ватикан);

Ричард Аткинсон – Англикан шіркеуінің өкілі, Бэдфорд қ. епископы.

Роман Богдасаров – Мәскеу Патриархатының Шіркеу мен қоғам өзара байланысы бөлімінің Төраға орынбасары, Ресей дінаралық кеңесі Хатшылығының басшысы, иерей;

Епископ Маркос Оганесян – Украинадағы армян епархиясының жетекшісі;

Юрий Новгородов – Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы.

ИУДАИЗМ ӨКІЛДЕРІ

Шломо Менахем Кук – Израиль Ашкеназиялық Бас раввин өкілі, раввин.

БУДДИЗМ ӨКІЛДЕРІ:

Фаллоп Тайиари – Бүкіләлемдік буддистер қауымдастығының Бас Хатшысы;

Ван Ли – Бүкілқытай буддистер ассоциациясының халықаралық ынтымақтастық бөлімі басшысының орынбасары;

Янг Ки Хун – Орталық Азиядағы «Чогечон» корейлік буддистік ұйымның зерттеу Институтының өкілі;

Сайнхуу Даваапурэв – Моңғолия Буддистік Орталығының Гандан Тэгчэнлин монастрінің қоғаммен байланыс бөлімінің Басшысы.

ДАОСИЗМ ӨКІЛІ

Чжао Сяоян – Қытай даосистері ассоциациясының халықаралық бөлім меңгерушісі

СИНТОИЗМ ӨКІЛДЕРІ

Кацуджи Ивахаши – «Джинджя Хончё» Жапон ассоциациасының халықаралық басқармасының Басшысы,

ИНДУИЗМ ӨКІЛІ:

Кала Дханаджей Ачария – «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениет мұғалімдерін әзірлеу бойынша Ұйымның директоры, Санскрит және үнді мәдениетін зерттеу Оқу орталығының Директоры (Үндістан).

АРНАЙЫ ШАҚЫРЫЛҒАН ҚОНАҚТАР

Леонардо Эмберти Джиалоретти – «Ислам-христиан диалогы» департаментінің үйлестірушісі, Қасиетті эджидио Қауымының Солтүстік Еуропа мен Орталық Азиядағы департаменттердің үйлестірушісі;

Тарик әл-Ансари – БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғарғы өкілі кеңсесінің Басшысы, Елші;

Сюэ Хуэй – Дін істері ҚХР Мемлекеттік басқармасының Сыртқы істер департаменті бірінші бөлімінің Басшысы;

Александр – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік Аймағының Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті.

Ержан Маямеров – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти;

Томаш Пэта – Нұр-Сұлтан қ., Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископы, Қазақстан католик епископтері Конференциясының төрағасы, митрополит.

Ешая Коген – Қазақстанның Бас раввині, ҚР Любавич Ребесінің Басты елшісі, Еуроазиаттық Раввиндер кеңесінің Төрағасы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ

Бағлан Майлыбаев – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары;

Ержан АшықбаевҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары;

Марат Әзілханов– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен идеяларын алға жылжыту бойынша Уәкіл;

Съез Хатшылығының  ХIV отырысы барысында келесі Күн тәртібі бекітілді:

  1. Діни лидерлер кеңесі құрамының өзгеруі туралы
  2. Діни лидерлер кеңесі ІІ отырысының күн тәртібін белгілеу
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V съезінің күн тәртібін белгілеу
  4. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысушылар декларациясының жобасын мақұлдау
  5. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XV отырысының өткізілетін күнін белгілеу
  6. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінің өткізілетін мерзімін белгілеу
  7. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы XIV отырысының Хаттамасын қабылдау

Съез Хатшылығының ХIV отырысы барысында Күн тәртібінің тармақтары бойынша нәтижелі пікір алмасулар болды.

Съез Хатшылығына қатысушылардың барлығы жоғарыда берілген сұрақтар бойынша талқылаулар мен пікір алмасуларға ат салысты.

Съез Хатшылығының ХIV отырысы қатысушыларының ұсыныстарына сәйкес келесі шешімдер қабылданды:

I. Діни лидерлері Кеңесінің құрамына Ислам, Христиан және Иудаизм діндерінен жаңа тағайындалған діни лидерлерді қосу:

– Аса құрметті Аятолла Шейх Мохсен Араки, Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының Бас хатшысы;

–Аса құрметті Джастин Уэлби, Архиепископ Кентерберийский;

Ицхак Йосеф, Израильдің Бас сефард раввині;

Ержан Малғажұлы Маямеров, Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының төрағасы.

Діни лидерлер кеңесінің құрамына Аса құрметті Эммануил Адамакис – Франция Митрополиті, Константинополь және Бүкіл Рим Архиепископы, Экуменистік Патриарх Варфоломейдің өкілін қосу.

II. Діни лидерлер Кеңесі Күн тәртібінің ІІ отырысын қабылдау.

III. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V съезінің күн тәртібін белгілеу.

IV. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысушылар декларациясының жобасын мақұлдау.

V. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XV отырысының мерзімін 2016 жылдың І жартыжылдығы деп белгілеу.

VI. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінің өткізілетін мерзімін 2018 жыл деп белгілеу.

VII. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы XIV отырысының Хаттамасын қабылдау.

VIII. Діни лидерлерге қабылданған шешімдер туралы хабарлау.