ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ XXIII ОТЫРЫСЫНЫҢ
ХАТТАМАСЫ
2025 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен ӘШІМБАЕВТЫҢ төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIII отырысы Астана қаласында өтті.
Отырысқа қатысқандар:
ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІ (7):
- Махмуд Седдик Хасан Абдунаби, Әл-Азһар университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми зерттеулер жөніндегі вице-президенті (Мысыр).
- Абдулрахман Әл-Заид, Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары (САК).
- Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде – Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы (Әзербайжан).
- Шейх Мұхаммед ибн Абдулвахид Әл-Арифи, Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрінің кеңесшісі (САК).
- Усама Фахри, Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар министрлігінің Мешіттер және қасиетті Құран істері жөніндегі Орталық департаментінің басшысы, доктор (Мысыр).
- Али Акбар Зиаи, Иран Ислам Республикасы Президентінің жанындағы Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының жетекшісі, доктор (Иран).
- Мұхаммед Зия Үль-Хак, Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының бас директоры, доктор (Пәкістан).
ХРИСТИАН ӨКІЛДЕРІ (5):
- Нектарий, Ыстамбұл қаласындағы қасиетті Иерусалим қаласы Патриархатының өкілі (Израиль).
- Илия Кашицын, Мәскеу Патриархаты Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің Дінаралық қатынастар жөніндегі хатшысы, Ресей Дінаралық кеңесінің атқарушы хатшысы, дін қызметшісі (Ресей).
- Лоран Басанезе, Қасиетті Тақтың дінаралық диалог бойынша Ислам Дикастерия мәселелері жөніндегі бюросының басшысы (Ватикан).
- Ростислав Новгородов, Епископ, Қазақстан Республикасындағы Інжіл-лютеран шіркеуінің жетекшісі, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі (Швейцария).
- Джо Бэйли Уэллс, Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, Англикан қауымдастығының епископтық қызметі мәселелері бойынша епископы (Ұлыбритания).
ИУДАИЗМ ӨКІЛДЕРІ (2):
- Шломо Кук, Израильдің Бас Ашкенази раввинінің өкілі, раввин (Израиль).
- Давид Антеби Сакка, Израильдің Бас сефард раввинінің өкілі, раввин (Израиль).
БУДДИЗМ ӨКІЛДЕРІ (2):
- Цзин Бо, Қытай буддистер қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қытай буддистер қауымдастығының ресми өкілі (Қытай).
- Мунджонг, «Чогие» корей буддистік орденінің Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің мүшесі (Корея Республикасы).
ИНДУИЗМ ӨКІЛІ (1):
- Самир Шантилал Сомайя, «Сомайя Видьявихар» президенті (Үндістан).
ДАОСИЗМ ӨКІЛІ (1):
- Ли Гуанфу, Қытай даосистері ассоциациясының төрағасы. (Қытай).
СИНТОИЗМ ӨКІЛІ (1):
- Сачико Иитсука, «Джинджя Хонче» синтои храмдар қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі басқармасының төрағасы (Жапония).
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ (2):
- Нихал Саад, БҰҰ Өркениеттер Альянсының директоры (АҚШ).
- Мухаммед Абдельсалам, Мұсылман Ақсақалдар Кеңесінің Бас хатшысы (БАЭ).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІ (4):
- Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
- Геннадий, Қаскелең епископы, Астана епархиясының викариі, Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің істері жөніндегі меңгерушісі.
- Томаш Бернард Пэта, Астана қаласындағы Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископ-митрополиті.
- Ешая Элазар Коген, Қазақстанның бас раввині.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ (6):
- Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы.
- Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
- Ақан Рахметуллин, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
- Қанат Ысқақов, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
- Гүлсана Қожабай, «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрайымы.
- Болат Сәрсенбаев, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі.
Съезд Хатшылығының XXIII отырысында мынадай Күн тәртібі бекітілді:
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІI съезінің күн тәртібін бекіту.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Ізгі ниет елшілерін сайлау.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІI съезінің Декларациясын талқылау.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысының өткізу күні мен орнын анықтау.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IX съезінің өткізу күні мен орнын анықтау.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIII отырысының Хаттамасын қабылдау.
Съезд Хатшылығының XXIII отырысы барысында Күн тәртібінің барлық тармақтары бойынша сындарлы және жемісті пікір алмасу өтті.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша талқылау мен пікірталасқа Хатшылықтың барлық мүшелері қатысты.
Съезд Хатшылығының XXIII отырысында қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып мынадай шешімдер қабылданды:
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІI съезінің күн тәртібі бекітілсін.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Ізгі ниет елшілері сайлансын:
- Антоний – Волоколамск митрополиті, Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы (Ресей).
- Мұхаммед Зия Үль-Хак, Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының бас директоры (Пәкістан).
- Афра Әл Сабри – Толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру министрлігінің Бас директоры (БАӘ).
- Михаэль Хюбнер – Мартин Лютер Інжіл-Лютеран одағының Бас хатшысы (Германия).
- Болат Сәрсенбаев – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі (Қазақстан).
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІI съезінің Декларациясының жобасы мақұлдансын.
- Келесі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы 2026 жылғы 7 қазанда Астана қаласында өткізілсін.
Съезд Хатшылығының XXIV отырысын лайықты деңгейде дайындау мақсатында 2026 жылғы 6 қазанда Хатшылықтың Жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілсін.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IX съезі 2028 жылы Астана қаласында өткізілсін.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының ХХIII отырысының Хаттамасы қабылдансын.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері және өзге де беделді діни қайраткерлер қабылданған шешімдер туралы хабардар етілсін.
2025 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласында қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, жапон, парсы, иврит, корей және түрік тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды және осы құжаттардың барлық тілдік нұсқаларының күші бірдей.
Хаттама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының штабында – Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында сақталады, ол әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
2025 жылғы 16 қыркүйек