Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезі Хатшылығы ХVІІІ отырысының хаттамасы

Бөлісу

2019 жылдың 18 қыркүйегінде  Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХVIІI отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар:

Ислам өкілдері:

Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд – әл-Азхар Ислам зерттеулер академиясының Бас хатшысы (Египет Араб Республикасы).

Әбдул Азиз бен Ахмад Сархан – Дүниежүзілік Ислам Лигасының өкілі, Көмек беру, күтімге алу және даму мәселелері жөніндегі дүниежүзілік мекеменің Бас хатшысы (Сауд Арабиясы Корольдігі).

Мұхаммед Абдулуахед әл-Арифи – Сауд Арабиясы Королдігі Ислам істері, насихат және тәлім беру министрлігінің Діни көзқарастар және маусымдық бағдарламалар Департаментінің Бас директоры.

Мұхаммед Мехди Тасхири – Иран Ислам Республикасы Мәдени және ислам байланыстары жөніндегі ұйымының Діни және мәдени диалог орталығының басшысы.

Мұхаммед Зия Уль-Хак – Исламабад халықаралық ислам университеті Ислам зерттеу институтының бас директоры (Пәкістан Ислам Республикасы).

Мұхаммед әш-Шаххат әл-Джинди – Араб Египет Республикасы уақыфтар министрінің өкілі, «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр Ислам мәдениеті университетінің ректоры.

Христиан өкілдері:

Димитрий Сафонов – Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің дінаралық байланыс Хатшысы, дін қызметшісі.

Маркос Оганесян – Армян Апостол шіркеуінің украин епархиясының басшысы, епископ.

Халед Акаше – Дінаралық диалог бойынша Қасиетті Тақтың Папалық Кеңесі ислам бюросының басшысы, монсеньор (Ватикан).

Ричард Аткинсон – Англикан шіркеуінің өкілі, Бэдфорд қ. епископы.

Юрий Новгородов – Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы.

Иудаизм өкілдері:

Ицхак Лоринц – Израильдің Бас сефард раввинінің өкілі, Иерусалимдегі оңтүстікамерикандық қоғамдастықтың раввині.

Моше Хайм Лау – Израильдің Бас ашкеназийлік раввинінің өкілі, Нетания орталығының бас раввині.

Буддизм өкілдері:

Танес Сучарикул – Бүкіләлемдік буддистер қауымдастығы Президентінің кеңесшісі (Таиланд).

Ши Чунвен – Қытай буддистері қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары.

Хунхур Бямбажав – Моңғолияның Буддистік орталығы «Гандан Тэгчэнлин» ғибадатханасының Да Ламасы, Занабазар атындағы діни институтының директоры.  

Ян Ки Хун – «Чогие» Кәріс буддистік ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің және Жаынса ғибадатханасының директоры.

Даосизм өкілі:

Инь Минфан – Қытай даосистер зерттеу Институтының басқарма басшысының орынбасары.

Индуизм өкілі:

Кала Дхананджей Ачария – «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениет орталығының директоры (Үндістан).

Халықаралық ұйымның өкілі:

Маджид Абдулазиз ат-Турки – Ресей-араб зерттеу және ақпарат орталығының Басшысы (Сауд Арабия Королдігі).

Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері:

Серікбай қажы Ораз – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Александр – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік Аймағының Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті.

Томаш Бернард Пэта – Нұр-Сұлтан қ., Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископы, Қазақстан католик епископтері Конференциясының төрағасы, митрополит.

Эшая Элазар Коген – Қазақстанның Бас раввині.

Шмуэль Карнаух – Нұр-Сұлтан қ. және Ақмола облысының Бас раввині.

Қазақстан Республикасының өкілдері:

Дәурен Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Ержан Ашықбаев – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съез Басшысының орынбасары.

Марат Әзілханов – Қазақстан Республикасы Ақпарт және қоғамдық даму вице-министрі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін алға жылжыту бойыша уәкіл;

Алтай Әбибуллаев – Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасы.

Съез Хатшылығының ХVIII отырысы барысында бірауыздан келесі Күн тәртібі бекітілді:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындысы бойынша және Хатшылық қызметінің алдағы жоспары жөнінде пікір алмасу.
  1. 2021 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІ Съезін өткізу бойынша ұсыныстар енгізу (Съездің басты тақырыптары, секциялық отырыстардың тақырыптары, өткізу мерзімі).
  1. Съез Хатшылығының XIX отырысын өткізу орны мен мерзімін белгілеу.
  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съез Хатшылығының XVIII отырысының Хаттамасын қабылдау.

Съез Хатшылығының XVIII отырысы барысында Күн тәртібінің тармақтары бойынша нәтижелі пікір алмасулар болды.

Съез Хатшылығына қатысушылардың барлығы жоғарыда берілген сұрақтар бойынша талқылаулар мен пікір алмасуларға ат салысты.

Отырыс қатысушылары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  VI Съездің ортақ қағидалары мен құндылықтарын жүзеге асырудағы, оның Тұжырымдамасын орындау бойынша қазақстандық тарапқа шексіз алғыстарын жеткізді, сонымен қатар, «Астаналық Съез рухы» - Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының құру туралы бастамасының жүзеге асырылғандығын ерекше атап өтті. 

Съез Хатшылығы ХVIII отырысы қатысушыларының ұсыныстарын ескере отырып, келесі шешімдер қабылданды:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындысы бойынша және Хатшылық қызметінің алдағы жоспары жөнінде қатысушылардың ұсыныстарын назарға алу.

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығына ұсыныстарды жинақтау, жүйелеу және тиісті ұсыныстарды әзірлеу.

  1. Съез Хатшылығының дін, мәдениеттер мен өркениеттер диалогы саласындағы беделді халықаралық ұйымдармен, орталықтармен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін алға жылжыту бойынша ынтымақтастықты нығайту.
  1. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығына жетекші халықаралық қоғамдық ұйымдар мен діни ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсету.
  1. Хатшылық мүшелері 2020 жылдың 1 наурызына дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съездің төрт секциялық отырыстары мен пленарлық отырыстарының тақырыптары бойынша ұсыныстарды Съез Хатшылығының Штаб-пәтері - Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығына жолдау.
  1. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен Съез Хатшылығының Жұмыс тобына Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съездің төрт секциялық отырыстары мен пленарлық отырыстарының тақырыптары бойынша берілген ұсыныстарды XIХ отырысқа дейін үш (3) ай ішінде жинақтап, келісу үшін Хатшылық мүшелеріне ұсыну.
  1. Съез Хатшылығы отырысын тиісті деңгейде өткізу үшін Съез Хатшылығы Жұмыс тобының отырысын Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың 2 маусымында өткізу.
  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің XIХ Хатшылығын Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың 3 маусымында өткізу.
  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Жетінші Съезін өткізу мерзімін болжаммен 2021 жылдың 15-16 маусымы деп белгілеу.
  1. Діни лидерлер кеңесі мен өзге де дін басшылары мен өкілдерін қабылданған шешімдер жөнінде хабарлау.

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 18 қыркүйегінде ағылшын және орыс тілдерінде бір түпнұсқада әзірленді.

Хаттама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съез Хатшылығының штаб-пәтері – Конфессияаралық және өркениетералық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында сақталады, өз кезегінде Орталық әр Тарапқа оның бекітілген көшірмесін жолдайды.

Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қ.,
2019 жылдың 18 қыркүйегі