Хаттама

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Cъезі Хатшылығы ХІІІ отырысының хаттамасы

Бөлісу

2014 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қ. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХIII отырысы өтті.

Отырысқа қатысқандар:

ИСЛАМ ӨКІЛДЕРІ:

Абдельрахман Мохамед Муса – «Аль-Азхар Аш-Шериф» шейхы, Бас Мүфти кеңесшісі (Египет Араб Республикасы),

Гоуда Абдельгани Басиони – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті,  

Абдулла Фахад әл-Лхидан – Сауд Арабия корольдігінің Ислам істері жөніндегі Министр кеңесшісі,

Әли Мохаммад Хельми – Иран Ислам Республикасының дінаралық диалог жөніндегі Орталықтың Директоры;

Шах Фахре Алам – «Жамагат-у-Шабаб-е-Ислам» Бихар штатындағы мұсылман ұймының Президенті (Үндістан),

Юсуф Аль Хусайни – «Жамагат-у-Шабаб-е-Ислам» Бихар штатындағы мұсылман ұймының Президентінің көмекшісі (Үндістан),

Мұхаммед Зия Уль-Хак – Исламабад халықаралық ислам университетінің профессоры (Пәкістан Ислам Республикасы);

Ержан Малғажыұлы Маямеров – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти.

ХРИСТИАН ӨКІЛДЕРІ

Роман Сергеевич Богдасаров – Мәскеу Патриархатының Шіркеу мен қоғам өзара байланысы бөлімінің Төраға орынбасары, Ресей дінаралық кеңесі Хатшылығының басшысы,

Андрей Николаевич Титушкин – Мәскеу Патриархатының Шіркеу мен қоғам өзара байланысы бөлімінің маманы,

Халед Акаше – Дінаралық диалог бойынша Қасиетті Тақтың Папалық Кеңесі ислам бюросының меңгерушісі (Ватикан).

Эммануил Адамакис – Франция Митрополиті, Экумендік Патриархат,

Юрий Новгородов – Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-лютеран шіркеуінің архиепископы.

Ричард Аткинсон – Англикан шіркеуінің өкілі, Бэдфорд қ. епископы.

Александр – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік Аймағының Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті.

Томаш Бернард Пэта – Нұр-Сұлтан қ., Қасиетті Мәриям Рим-Католиктік Архиепархиясының архиепископы, Қазақстан католик епископтері Конференциясының төрағасы, митрополит.

ИУДАИЗМ ӨКІЛДЕРІ

Шахар Рахмани – Израиль Ашкеназиялық Бас раввин өкілі,

Шимон Аш – Павлодар облысының Бас раввині.

БУДДИЗМ ӨКІЛДЕРІ:

Ван Ли – Бүкілқытай буддистер ассоциациясының халықаралық ынтымақтастық бөлімі басшысының орынбасары;

Чжан Линь – Қытай буддистері Ассоциациясының Бас хатшысының орынбасары,

Янг Ки Хун – Орталық Азиядағы «Чогечон» корейлік буддистік ұйымның зерттеу Институтының өкілі;

Ганхуяг Магсаржав – Ундур Гэгээн Занабазар атындағы буддистік университеттің вице-ректоры (Моңғолия).

Пра Ситхаватчаметхи – Аюттайя, Тайландтағы Буддалық ілімдер бойынша Халықаралық колледж Вице-Директоры.

ДАОСИЗМ ӨКІЛІ

Ли Шуан – Қытай даосистері ассоциациясының халықаралық бөлім қызметкері.

СИНТОИЗМ ӨКІЛДЕРІ

Кацуджи Ивахаши – «Джинджя Хончё» Жапон ассоциациасының халықаралық басқармасының Басшысы,

Койчи Тояма – «Джинджя Хончё» Жапон ассоциациасының халықаралық басқармасының қызметкері,

ИНДУИЗМ ӨКІЛІ:

Кала Дханаджей Ачария – «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» үнді мәдениет мұғалімдерін әзірлеу бойынша Ұйымның директоры, Санскрит және үнді мәдениетін зерттеу Оқу орталығының Директоры (Үндістан).

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ӨКІЛІ

Тарик Әл-Ансари – БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғарғы өкілі кеңсесінің Басшысы, Елші

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ

Ержан Ашықбаев– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары;

Марат Әзілханов– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі,

Ғалым Шойкин – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы,

Айдар Әбуов – Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры.

Съез Хатшылығының  XIII отырысы барысында келесі Күн тәртібі бекітілді:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V Съезінің және оның секциялық отырыстарының тақырыптарын белгілеу.
  2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V Съезінің уақыты мен өтетін орнын белгілеу.
  3. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIV отырысы өтетін уақыты мен орнын белгілеу.
  4. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығы XIІІ отырысының Хаттамасын қабылдау.

Съез Хатшылығының ХIII отырысы барысында Күн тәртібінің тармақтары бойынша нәтижелі пікір алмасулар болды.

Съез Хатшылығына қатысушылардың барлығы жоғарыда берілген сұрақтар бойынша талқылаулар мен пікір алмасуларға ат салысты.

Съез Хатшылығының XIII отырысы қатысушыларының ұсыныстарына сәйкес келесі шешімдер қабылданды:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V Съезінің және оның секциялық отырыстарының тақырыптарын келесідей белгілеу:

Тақырып – «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы»;

Секциялық отырыстар:

- «Діни және саяси лидерлер: адамзат алдындағы жауапкершілік»;

- «Діннің жастарға әсері: білім, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары»;

- «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар»;

- «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасындағы бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік жолындағы өзара құрмет пен түсіністікке негізделген диалог».

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V Съезінің уақыты мен өтетін орнын 2015 жылдың 10-11 маусым, Астана қаласы деп белгілеу.
  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIV отырысы өтетін уақыты мен орнын 2015 жылдың 9 маусымы деп белгілеу.
  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығы XIІІ отырысының Хаттамасын қабылдау.
  1. Қабылданған шешімдер туралы діни лидерлерге хабарлау.