Негізгі мақсаты:
Орталықтың тиімді кадр саясатын, еңбек заңнамасының сақталуын және кәсіби, тұрақты және ынталы командасын қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Қызмет бағыттары:
- Орталықтың кадр құрамын іріктеу, ресімдеу, сүйемелдеу және есепке алу;
- Еңбек заңнамасы мен ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылау;
- Қызметкерлердің жеке істері, табельдік есеп, еңбек шарттары мен еңбек демалыстарына қатысты құжаттамаларды жүргізу;
- Конкурстық және тәртіптік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
- Кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби дамуын қамтамасыз ету, тағылымдамалар мен оқытуды жоспарлау;
- Кадр тұрақсыздығының, еңбек тәртібінің бұзылуының және кадр қозғалысының себептерін талдау;
- Персонал мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Байланыс ақпараты:
- Басшысы: Жұмағұлов Нариман Мәулетұлы
- Электрондық пошта: Zhumagulov@nnort.org