Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Дінтану сараптамасы Департаментінің қызметкері конституциялық реформа бойынша диалог алаңына қатысты

Бөлісу

 «Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік дамуының жаңа көкжиектері» жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының төртінші легінің түлегі, Дінтану сараптамасы Департаментінің қызметкері Әбдіқамал Мөлдір «Конституциялық реформаның мәні: ұрпақтар сабақтастығы» атты диалог алаңына қатысты.   

Шараны Конституциялық комиссия мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды.

Диалог алаңы конституциялық реформаның мазмұны мен стратегиялық бағыттарына арналған ашық сарапшылық талқылауға айналды. Іс-шара барысында Конституциялық комиссия мүшелері конституциялық реформалардың маңыздылығы, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, мемлекеттік билік құрылымын жаңарту, еліміздің стратегиялық даму траекториясын айқындау, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.

Мұндай іс-шараларға тиісті бөлімдер қызметкерлерінің қатысуы сарапшылық әлеуетті дамытуға, кәсіби диалогты нығайтуға, мемлекеттік саясат саласындағы талдау жұмыстарының сапасын арттыруға ықпал етеді.