Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Халықаралық орталық кеңейтілген жиын өткізіп, стратегиялық даму бағыттарын талқылады

Бөлісу

2026 жылғы 18 ақпанда Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында Басқарма Төрайымы Гүлсана Қожабайдың төрағалығымен кеңейтілген жұмыс отырысы өтті. Кездесуде Орталықтың осы жылдағы дамуын талдау, оны ұлттық күн тәртібіне енгізу, орта және ұзақ мерзімді даму векторларын анықтау мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселе - биыл 17 ақпанда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде өткен жиындағы тезистер мен тапсырмаларын талқылау болды.

Негізгі тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) сәйкес, Халықаралық орталық 2025 жылы жақсы нәтиже көрсетіп, 88,4% көрсеткішімен азаматтық қоғам институттары арасында екінші орын иеленді.

Басқарма Төрайымы бұл жетістік жұмыс процестерін жүйелі түрлендірудің нәтижесі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Гүлсана Қожабай кәсіби шеберлігі мен дінаралық келісім жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін ұжымға алғысын білдірді.  

Жиында еліміздің қоғамдық-саяси жаңғыруы жағдайында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша алдағы жалпыхалықтық референдумға ерекше назар аударылды.

Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиындағы тапсырмаға сәйкес цифрландыру және технологиялық жаңғырту алдағы жұмыстардың басым бағыттары ретінде белгіленді. 

Департамент басшыларына жасанды интеллект мүмкіндіктерін жұмыс процестеріне енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу міндеттелді. Сонымен қатар, жиында E-Museum-ді құруға ерекше көңіл бөлінді. Одан әрі дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері талқыланды.

Қорытындылай келе, еліміздің конституциялық жаңаруы жағдайында Орталық қызметі қоғамдық тұрақтылықты нығайту, конфессияаралық келісімді сақтау, Қазақстан халқының рухани бірлігін қамтамасыз ету бойынша стратегиялық тәсілдерді әзірлеуге бағытталатыны айтылды.