Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы
Жаңалықтар
дейін

Қазақстан мен Мальтий Ордені гуманитарлық ынтымақтастықтың бірлескен бағыттарын белгіледі

Астана, 2026 жылғы 17 қараша

Халықаралық орталық пен Мальта Егеменді Орденінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ пен Мальта Егеменді Орденіндегі Елшілігінің қолдауымен өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі аясындағы дінаралық және гуманитарлық ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел шеңберінде жазылмайтын дертке шалдыққан балаларды қорғау, стихиялық апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету және халықаралық волонтерлікті дамыту негізгі тақырыптарға айналды.

Іс-шара Халықаралық орталық пен Мальта Егеменді Ордені арасында 2025 жылғы 12 желтоқсанда қол қойылған Өзара түсіністік меморандумы аясындағы өзара әрекеттестіктің жалғасы болды.

Дөңгелек үстел жұмысына Мальта Егеменді Ордені халықаралық істер жөніндегі Бас хатшысы Джампаоло Кантини, қазақстандық мемлекеттік құрылымдардың, KazAID, Қызыл Жарты Ай қоғамының, University Medical Center, Caritas, «UNICEF Жастары», Ұлттық волонтерлік желінің өкілдері, дипломатический корпус, діни бірлестіктердің, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың, медициналық қоғамдастық пен жастар волонтерлік қозғалыстарының өкілдері қатысты.

Халықаралық орталықтың Басқарма Төрағасы Гүлсана Қожабай өзінің құттықтау сөзінде Халықаралық орталық мен Мальта Егеменді Ордені әртүрлі бағыттарда әрекет ете отырып, ортақ миссиямен біріккенін атап өтті. Халықаралық орталық дінаралық диалог арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтса, өз кезегінде Мальта Ордені тоғыз ғасырдан астам уақыт бойы гуманитарлық көмек көрсету арқылы қайырымдылық қағидаттарын жүзеге асырып келеді.

2026 жылғы 7 қазанда Қазақстан Вице-Президенті Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Съезд Хатшылығының XXIV отырысы шешімдерінің практикалық іске асырылуына ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, екі құжат ұсынылды: «Дін саласындағы жасанды интеллектті қолданудың этикалық кодексі» және «Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі». Гуманитарлық күн тәртібін Қасиетті Тақпен бірлесіп әзірленген  «Жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары жөніндегі хартия» толықтырды.

Бұл тұрғыда Мальта Егеменді Орденінің медициналық және әлеуметтік көмек көрсету саласындағы халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ «Бамбино Джезу» балалар ауруханасы мен қазақстандық медициналық ұйымдардың қызметі ерекше маңызға ие болды.

Мальта Егеменді Ордені халықаралық істер жөніндегі Бас хатшысы Джампаоло Кантини ұйым қызметінің негізгі бағыттарын таныстыра келе, Орденнің тоғыз ғасырдан астам уақыт бойы мұқтаж жандарға шыққан тегі мен діни сеніміне қарамастан медициналық, әлеуметтік және гуманитарлық көмек көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда оның қызметі 130 елді қамтиды және халықтың осал топтарына қолдау көрсетуді, босқындарға, қарулы қақтығыстар мен стихиялық апаттардан зардап шеккендерге көмектесуді қамтиды.

Климаттың өзгеруінің гуманитарлық салдарына жеке назар аударылды. Қатысушылар төтенше жағдайларға әр түрлі деңгейде ден қою, зардап шеккен халыққа көмек көрсету және еріктілерді гуманитарлық дағдарыс жағдайында жұмыс істеуге даярлау мәселелерін қарастырды. Бұл бағыттар діни қауымдастықтардың экологиялық проблемаларды шешуге қатысуын кеңейтуді көздейтін Съездің «Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі» құжатының ережелерімен үндес.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жастар сеторының басшысы Нұрболат Советханов, Астана епархиясының викарийі, Епископ Геннадий, Рим-католик шіркеуі Қарағанды епархиясының епископы монсеньор Петр Пытлованы халықтың осал топтарын қолдаудағы діни көшбасшылардың рөлі туралы айтып берді.

Епископ Геннадий балалар мен олардың отбасыларына рухани қолдау көрсетудің маңыздылығын, сондай-ақ балаға бастан кешіп жатқан азабын түсінуге және үмітін сақтап қалуға көмектесуге шақырылған діни көшбасшылардың ерекше рөлін атап өтті. Епископтың айтуынша, «Жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары жөніндегі хартия» дінаралық диалогтан нақты іс-әрекеттерге көшуді көрсетеді.

Халықаралық волонтерлік қозғалыс аясында тәжірибе алмасу талқылаудың басты тақырыптарының бірі болды. Діни және жастар бірлестіктерінің өкілдері еріктілерді бірлесіп даярлау, білім беру бастамаларын жүзеге асыру және гуманитарлық қызмет саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды.

«UNICEF Жастары» ұлттық волонтерлік бағдарламасының жетекшісі волонтерлердің атқарған жұмыстарының нәтижелерімен таныстыра отырып, 20 мың ағаш отырғызылғанын, 700 тоннадан астам қалдық жиналып, қайта өңдеуге жіберілгенін баяндады. Ол волонтерлік қызметке қатысушылардың өздерінің жұмыстарына көңілдері толатынын – бұл көрсеткіш 98,5 % құрағанына ерекше назар аударды. «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк волонтерлерді, төтенше жағдайларда жұмыс істеуге волонтерлердің үйлестірушілерін оқыту және даярлау саласында Мальта Орденімен ынтымақтастық жасауға мүдделі екенін білдірді. Ол халықаралық ұйымдар әртүрлі ден қою алгоритмдерін пайдаланатынын атап өтіп, волонтерлердің дағдарыс жағдайында жедел және кәсіби түрде әрекет ете алуы үшін тәжірибе алмасу мен тәсілдерді үйлестірудің маңыздылығын баса айтты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар сараптамалық алмасуларды, білім беру бағдарламаларын және медициналық, әлеуметтік және гуманитарлық көмек көрсету саласындағы бірлескен бастамаларды әзірлеуді қоса алғанда, одан арғы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын белгіледі.

Бұл серіктестіктің дамуы Астана съезінің гуманитарлық бастамаларын жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер аша отырып, дінаралық диалогты практикалық халықаралық ынтымақтастық құралына айналдырады.