Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Дінтану сараптамасы департаментінің аға сарапшысы

Функционалдық міндеттері:

- Діни мазмұндағы құрылтай және өзге де құжаттарға; діни әдебиеттерге; рухани (діни) білім беру бағдарламаларына; діни мазмұндағы ақпараттық материалдарға; діни мақсаттағы заттарға; азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу материалдарына, интернет-ресурстарға, сайттарға, әлеуметтік желілерге дінтану сараптамасын жүргізеді;

- Дінтану сараптамасы қорытындыларының дерекқорын жүйелі негізде қалыптастыруға және толықтыруға қатысады;

- Жүргізілген дінтану сараптамаларының нәтижелері бойынша анықтамалар мен талдамалық материалдар дайындайды.

Біліміне қойылатын талаптар:

 

- «Дінтану» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

- Жұмыс тәжірибесі: бөлімше қызметінің бейініне тікелей немесе жанама байланысты салада кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы немесе «Дінтану» мамандығы бойынша академиялық (магистр) дәрежесінің болуы;

- Дінтану саласында әртүрлі пайымдауларды логикалық талдау және кәсіби дәлелдеу дағдыларын меңгеру;

- Теориялық дінтанулық білім мен дінтанулық зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдана білу;

- Дінтану саласындағы ғылыми ақпаратты өз бетінше жинау және өңдеу қабілеті.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы / электрондық пошта мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат. Телефон: 266028, электрондық пошта мекенжайы: job@iciid.org

Толық ақпарат алу үшін: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii

Өтініш беру шарттары:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу үшін белгіленген нысандағы, электрондық пошта мекенжайы міндетті түрде көрсетілген өтініш (№ 1 қосымша) http://religions-ongress.org/ru/news/vakansiiсайтында;
  2. Белгіленген нысандағы түйіндеме (№ 3 қосымша) http://religions-ongress.org/ru/news/vakansiiсайтында;
  3. Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  4. Тиісті білімді, іскерлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  6. Сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.