Н.Назарбаев орталығы Шет тіліндегі (Ұйғыр тілі) діни материалдарға дінтанулық талдау жасау мақсатында сарапшының ақылы қызыметі бойынша іріктеу өткізетінін хабарлайды.
Міндеттері:
- Орындаушы Тапсырыс берушіге шет тіліндегі (ұйғыр тіліндегі) объектілерге (кітап, кітап макеті, электрондық нұсқадағы кітап, журнал, электрондық нұсқадағы журнал, мәтіндік материалдар, электрондық нұсқадағы мәтіндік материалдар, фото/видеоматериалдар, интернет-ресурстар, дисктер) орыс немесе қазақ тілдеріндегі мағыналық аударма негізінде Тапсырыс берушімен келісе отыра дінтанулық аталдау дайындау;
- Объектінің діни бағыттылығын анықтау, сондай-ақ аталған дiннің Қазақстан қоғамындағы тарихи (мәдени, әлеуметтік) маңыздылығын көрсету;
- Объекті мазмұнында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және адамның әлеуметтік, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тiлдік қатыстылығына немесе дiнге қатынасына байланысты оның құқығын, бостандығы мен заңдық мүдделерін бұзуға шақыратын белгілердің бар жоқтығын анықтау.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Мемлекеттік және орыс, ұйғыр тілдерін білетін және дін саласында тәжрибесі бар мамандар (исламтану, дінтанушы, бакалавр, магистір, PhD).
Қызметке қойылатын талаптар:
- Гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша ұсынылатын мамандықтардың бірі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы тиіс: дінтану; теология; исламтану; филология, сондай-ақ ұйғыр тілін білуі керек;
- Тапсырыс беруші бекіткен уақыт мөлшерінде орыс немесе қазақ тілдеріндегі мағыналық аударма негізінде (анықтамаға ұсынылған объектінің көлеміне байланысты, Word мәтіндік редакторындағы қаріп мөлшері – Times New Roman 14) дінтанулық анықтама дайындау;
- Объектінің сақталуына және орындалған жұмыстардың мазмұнына дербес жауапты болу;
- Орындаушы жұмысты жеке өзі орындауға, іскерлік этикетті ұстануға міндетті.
Қызмет бағасы: Сарапшы қызметінің құны (1-айда келіп түскен материалдар жиынтығын қоса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар мен аударымдарды ескере отырып, 320 мың теңгені құрайды.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар:
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Түйіндеме
- Диплом көшірмесі
Өтінім беру мерзімі: «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ сайтында хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде.
Байланыс деректері: +7(7172) 26-60-32
Электрондық пошта: gulmirasagynbek@nnort.org