Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Дінтану зерттеулері Департаментінің бас сарапшысы

Әдіснамалық және мазмұндық стандарттарды сақтай отырып, зерттеу жобалары шеңберінде дін саласында кешенді қолданбалы және талдамалық жұмыстар жүргізеді.

Ұйымдастырушылық және жобалық қызметті жүзеге асырады (құжаттарды әзірлеу, келісу рәсімдерін ұйымдастыру, уәкілетті органда бекіту).

Сыртқы сарапшылармен жұмыс.

Зерттеу материалдарын таныстыруға қатысады.

Біліктілік талаптары:
Қоғамдық ғылымдар бейіні бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистр / PhD / ғылым кандидаты / ғылым докторы.

Бөлімшенің қызмет бейінімен тікелей немесе жанама байланысты кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Кешенді талдамалық материалдарды дайындау дағдылары.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі.

Сандық және сапалық деректерді талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруі артықшылық болып табылады.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы:
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат.
Телефон: 266028
Электрондық пошта: job@iciid.org

Толық ақпарат:
http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii

Өтінім беру шарттары:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш, электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып (№ 1 қосымша), сайтта: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii;
  2. белгіленген нысандағы түйіндеме (№ 3 қосымша), сайтта: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii;
  3. жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  4. тиісті білімді, білік пен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаттың көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  6. соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы оларды конкурстық комиссияның қараудан бас тартуына негіз болып табылады.