Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Дінтану зерттеулер Департаменті жетекші сарапшысы

  • Бөлімнің қызмет бағыттары мен құзыретіне қатысты жұмыс жоспарын, ақпараттық және әдістемелік материалдарды, талдамалық баяндамалар мен өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысады;
  • Дін саласында талдамалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
  • Діни қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды зерделейді;
  • Бөлімнің қызмет бағыттары мен құзыретіне қатысты іс-шараларды ұйымдастырады және оларға қатысады;
  • Жобалар кураторларымен бірлесіп, жобалардың тұжырымдамасын, мақсаттары мен негізгі кезеңдерін әзірлеуге қатысады;
  • Жобаларды іске асыру бойынша сарапшыларға арналған техникалық ерекшеліктер мен шарттарды әзірлеуге қатысады.

Білімі: қоғамдық ғылымдар бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (дінтану).

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат.
Телефон: 266028
Электрондық пошта: job@iciid.org

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. электрондық пошта мекенжайы міндетті түрде көрсетілген, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу туралы өтініш (№ 1 қосымша) сайтта;
  2. белгіленген нысандағы түйіндеме (№ 3 қосымша) сайтта;
  3. жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  4. білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе тиісті білім, білік және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде кәсіби даярлығы туралы құжаттың көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  6. сотталғандығының бар-жоғы туралы анықтама.

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.