Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Діни ахуалды талдау және мониторинг Департаментінің директоры

  1. Департамент қызметі шеңберінде діни ахуалға (офлайн және цифрлық ортада) жүйелі мониторинг жүргізу процесін ұйымдастырады және бақылайды.
  2. Діни ортадағы үрдістер мен тәуекелдерді (радикалдану, жанжалдылық, деструктивті практикалар) уақтылы анықтауды, жіктеуді және бағалауды қамтамасыз етеді.
  3. Департамент қызметі шеңберінде, оның ішінде мемлекеттік тапсырма аясында, дін саласындағы уәкілетті органға тұрақты түрде ұсынылатын талдамалық материалдардың дайындалуын қамтамасыз етеді.
  4. Департамент қызметі шеңберінде дін саласындағы уәкілетті органның қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдардың әзірленуін қамтамасыз етеді.
  5. Деректердің дұрыстығы мен талдаудың объективтілігі қағидатының сақталуын қамтамасыз етеді.
  6. Мемлекеттік органдармен және өзге де құрылымдармен (құзыреті шегінде) ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
  7. Орталықтың қызмет бағыттары мен құзыретіне қатысты жұмыс жоспарын, ақпараттық және әдістемелік материалдарды, есептерді, талдамалық жазбалар мен баяндамаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысады.
  8. Дін саласындағы мониторинг әдіснамасы мен техникасын жетілдіру бойынша жұмысты тікелей ұйымдастырады және үйлестіреді.
  9. Дін мәселелері бойынша сараптамалық-талдау жұмыстарына қатысады.
  10. Діни және мемлекет-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша халықтың қалың топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысады.

Біліктілік талаптары:

Гуманитарлық ғылымдар (тарих, халықаралық қатынастар, саясаттану, дінтану, шығыстану, мәдениеттану), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), қоғамдық ғылымдар (мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистр / PhD докторы / ғылым кандидаты / ғылым докторы.

Жұмыс тәжірибесі:
Департаменттің қызмет бейінімен тікелей немесе жанама байланысты кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі.

Шет тілдерін білуі құпталады.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы:
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат.
Телефон: 266028
Электрондық пошта: job@iciid.org

Толық ақпарат:
http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii

Өтінім беру шарттары:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш, электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып (№ 1 қосымша), сайтта: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii;
  2. белгіленген нысандағы түйіндеме (№ 3 қосымша), сайтта: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii;
  3. жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  4. тиісті білімді, білік пен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаттың көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  6. соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы оларды конкурстық комиссияның қараудан бас тартуына негіз болып табылады.