Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті аға сарапшысы

Ақпаратты жинаудың, өңдеудің және талдаудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, діни ахуалға мониторинг жүргізеді.

Қоғамның қызмет бағыттары мен құзыретіне қатысты жұмыс жоспарын, ақпараттық және әдістемелік материалдарды, есептерді, талдамалық жазбаларды, баяндамаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысады.

Дін саласындағы мониторингті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысады.

Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдау жұмыстарына қатысады.

Діни және мемлекет-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша халықтың қалың топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысады.

Біліктілік талаптары:
Қоғамдық ғылымдар бейіні бойынша немесе ақпараттық технологиялар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы:
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат.
Телефон: 266028
Электрондық пошта: job@iciid.org

Өтінім беру шарттары:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш, электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып (№ 1 қосымша), сайтта:
    http://religions-congress.org/ru/news/vakansii;
  2. белгіленген нысандағы түйіндеме (№ 3 қосымша), сайтта:
    http://religions-congress.org/ru/news/vakansii;
  3. жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  4. тиісті білімді, білік пен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаттың көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  6. соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы оларды конкурстық комиссияның қараудан бас тартуына негіз болып табылады.