Жаңалықтар

«Діни сараптама: мақсаттары мен міндеттері» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті

Бөлісу

Биылғы жылдың 21 қазанында «Діни сараптама: мақсаттары мен міндеттері» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы - Е.Нүкежанов, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары - А.Хатиев, Дін істері комитетінің діни сараптама бөлімінің бастығы - Н.Қабылов, департамент директоры мен қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сондай-ақ, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі  Н.Назарбаев орталығының Діни ахуалды талдау және діни сараптама институты, Діни сараптама  Департаментінің директоры мен қызметкерлері қатысты.

Сарапшылар діни сараптама жүргізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, жасалып жатқан жұмыстардың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Олар жергілікті атқарушы органдар мен мекемелердің дін саласындағы кейбір проблемалық мәселелерін талқылады.

Семинар барысында сындарлы пікір алмасулар болып, нәтижесінде жиынға қатысушыларға нақты ұсыныстар берілді.