Жаңалықтар

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИКҰ) Бас хатшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне шақырылды

Бөлісу

2025 жылғы 19 ақпанда, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаев Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИКҰ) Бас хатшысы Мәртебелі Хисейн Брахим Тахамен Бахрейннің Манама қаласында өткен Ислам диалогы жөніндегі конференцияға қатысу шеңберінде кездесті.

 

Тараптар Қазақстан мен ИЫҰ арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ИЫҰ-ның Бас хатшыны 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысуға шақыруын жеткізді.

 

Толығырақ:  https://www.instagram.com/p/DGcgfbPKqXI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==