Жаңалықтар

Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы ҚР СІМ Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты

Бөлісу

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы «қоғамдық кеңестер туралы» Заңды орындау мақсатында 2016 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа үшінші құрамының отырысына қатысты.

Кеңестің жаңа төрағасы болып Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Сайфоллақызы Құспан сайланды.

Отырыс барысында бірқатар ұйымдастырушылық шешімдер қабылданды. Жанды пікірталас барысында Кеңес мүшелері СІМ, азаматтық қоғам, ғылыми топтар және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылдағы алдағы қызметінің негізгі бағыттарын талқылады.