Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Дінтанулық зерттеулер департаментінің жетекші сарапшысы

Функционалдық міндеттері:

- Бөлімше қызметінің бағыттары мен құзыретіне жататын жұмыс жоспарын, ақпараттық және әдістемелік материалдарды, талдамалық баяндамаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысады;

- Дін саласында талдамалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;

- Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ діни қызмет мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды зерделейді;

- Бөлімше қызметінің бағыттары мен құзыретіне жататын іс-шараларды ұйымдастырады және оларға қатысады;

- Жоба кураторларымен бірлесіп, жобалардың тұжырымдамасын, мақсаттарын және негізгі кезеңдерін әзірлеуге қатысады;

- Жобаларды іске асыру бойынша сарапшыларға арналған техникалық ерекшеліктер мен шарттарды әзірлеуге қатысады.

Білімі: қоғамдық ғылымдар бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (дінтану).

Құжаттарды тапсыру мекенжайы / электрондық пошта мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат. Телефон: 266028, электрондық пошта мекенжайы: job@iciid.org

Толық ақпарат алу үшін: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii

Өтініш беру шарттары:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу үшін белгіленген нысандағы, электрондық пошта мекенжайы міндетті түрде көрсетілген өтініш (№ 1 қосымша) http://religions-ongress.org/ru/news/vakansiiсайтында;
  2. Белгіленген нысандағы түйіндеме (№ 3 қосымша) http://religions-ongress.org/ru/news/vakansiiсайтында;
  3. Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  4. Тиісті білімді, іскерлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  6. Сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.