Дінтанулық зерттеулер департаментінің бас сарапшысы
Функционалдық міндеттері:
Әдіснамалық және мазмұндық стандарттарды сақтай отырып, зерттеу жобалары шеңберінде дін саласында кешенді қолданбалы және талдамалық жұмыстар жүргізеді; ұйымдастырушылық және жобалық қызметті жүзеге асырады (құжаттарды әзірлеу, келісу рәсімдері, уәкілетті органда бекіту); сыртқы сарапшылармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; зерттеу материалдарын таныстыруға қатысады.
Біліктілік талаптары:
Қоғамдық ғылымдар бағыты бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистр / PhD / ғылым кандидаты / ғылым докторы; бөлімше қызметінің бейініне тікелей немесе жанама байланысты салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі; кешенді талдамалық материалдарды дайындау дағдылары; қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру; сандық және сапалық деректерді талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру артықшылық болып саналады.
Құжаттарды тапсыру мекенжайы / электрондық пошта мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат. Телефон: 266028, электрондық пошта мекенжайы: job@iciid.org
Толық ақпарат алу үшін: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii
Өтініш беру шарттары:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу үшін белгіленген нысандағы, электрондық пошта мекенжайы міндетті түрде көрсетілген өтініш (№ 1 қосымша) http://religions-ongress.org/ru/news/vakansiiсайтында;
- Белгіленген нысандағы түйіндеме (№ 3 қосымша) http://religions-ongress.org/ru/news/vakansiiсайтында;
- Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
- Тиісті білімді, іскерлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
- Сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.