Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің аға сарапшысы
Функционалдық міндеттері:
Ақпаратты жинаудың, өңдеудің және талдаудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, діни ахуалға мониторинг жүргізеді. Қоғам қызметінің бағыттары мен құзыретіне жататын жұмыс жоспарын, ақпараттық және әдістемелік материалдарды, есептерді, талдамалық жазбаларды, баяндамаларды және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысады. Дін саласындағы мониторингті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысады. Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдау жұмыстарына қатысады. Халықтың қалың топтары арасында діни және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысады.
Құжаттарды тапсыру мекенжайы / электрондық пошта мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, 5-қабат. Телефон: 266028, электрондық пошта мекенжайы: job@iciid.org
Толық ақпарат алу үшін: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii
Өтініш беру шарттары:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу үшін белгіленген нысандағы, электрондық пошта мекенжайы міндетті түрде көрсетілген өтініш (№ 1 қосымша) http://religions-ongress.org/ru/news/vakansiiсайтында;
- Белгіленген нысандағы түйіндеме (№ 3 қосымша) http://religions-ongress.org/ru/news/vakansiiсайтында;
- Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
- Тиісті білімді, іскерлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
- Сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.