Бүгін, 28 сәуір күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай ZOOM платформасында онлайн форматта жұмыс кездесу аясында дінаралық және мәдени-гуманитарлық саладағы серіктестік мәселелерін талқылады.
Кездесу мүмкіндігі үшін алғысын білдіре, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев мәдениет, дін және өркениеттер диалогын күшейтуге себептесетін ортақ жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша Қазақстанның ғылыми-зерттеу және мәдени ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту шегіндегі Орталықпен жүргізіліп жатқан кешенді жұмыс туралы ақпарат беріп, ағымдағы жылы XIX Съезд Хатшылығына және 2022 жылы кезекті VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне дайындық маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, Орталық басшысы мемлекеттік және халықаралық алаңда конфессиялар арасында бейбітшілік және келісімнің тиімді моделін іске асырудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың идеяларын және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың дәйекті саясатын жылжытудағы ұйымның басты қызмет бағыттарымен таныстырды.
Сұхбатты жалғастыра, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Мемлекеттік орталық музейінің директоры Н. Әлімбайдың 2005 жылы музей ресми түрде ғылыми-зерттеу ұйым дәрежесін иеленіп, ұзақ жылдар бойы бай қорлары мен халқымыздың ұлттық құндылығы болып табылатын аса құнды тарихи-мәдени жәдігерлер сақталынып жатқан еліміздің музей кеңістігіндегі басты ұйым позициясын сақтаудағы жоғары еңбегі мен кәсіби тәжірибесін ерекшелеп өтті.
Өз кезегінде, Орталық Азия аумағындағы ең танымал және көне музейлері бірінің директоры Нұрсан Әлімбай алдағы Съезд Хатшылығына және Н.Назарбаев орталығының басқа да халықаралық іс-шараларына дайындық мәселелері бойынша болашақта серіктестік қарым-қатынастарын күшейтуге қызығушылығын танытып, ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша, нәтижелі қарым-қатынасты орнату мақсатында тараптар серіктестік туралы меморандумына қол қойып, ағымдағы жылдың мамыр айында Мемлекеттік орталық музейінің базасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» тақырыптық халықаралық фотокөрмесін өткізуге келісті.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда Н. Назарбаев орталығы Съезд идеяларын насихаттау және серіктестік қарым-қатынастарын орнату мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ірі бұқара ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулерді ұйымдастыруда.