Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы тағайындалды

Бөлісу

18 ақпан күні Директорлар кеңесінің шешімімен Булат Серғазыұлы Сәрсенбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.

1997 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің бағыты бойынша қызмет атқарды. 2007 жылға дейін Израиль мемлекетіндегі ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы және кеңесшісі болып, ҚР СІМ халықаралық заң департаменті директорының орынбасары, Гонконг қаласында (ҚХР) ҚР Бас консулдығының бас консулы және Грек Республикасында ҚР дипломатиялық миссиясының уақытша расталған өкілі қызметінде жұмыс істеді.

2007-2020 жж. ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігінде, Ирак Республикасында, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетінде, Үндістан Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметтерін атқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

gov.kz