Жаңалықтар

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

Бөлісу

2012 жылдың 25 наурызында Абу-Дабиде Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төраға орынбасары Марат Әзілханов Біріккен Араб Әмірліктерінің Ислам және уақыф істері жөніндегі бас агенттіктің төрағасы Хамдан бен Муссалам әл-Мазруимен кездесті. 

Кездесу барысында Марат Әзілханов Хамдан әл-Мазруиге Сенат Төрағасы, Съезд Хатшылығының басшысы Қайрат Мамидің атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне шақыру хатын табыстады.

Кездесуде Ислам және уақыф істері жөніндегі бас агенттіктің төрағасы қазақстандық әріптесіне өз алғысын білдіре отырып, мұндай діни форумның өткізілуінің маңыздылығы бүгінгі күнде конфессияаралық диалогтың қарқынды дамуымен байланысты екендігін атап өтті.

Кездесу соңында Марат Әзілханов алдағы Съезге Хамдан әл-Мазруидің қатысатындығына және екі ведомство арасында екіжақты ынтымақтастық әрі қарай дамитындығына сенім білдіретіндігін айтты.