Жаңалықтар

21 мамырда Мәдени әртүрліліктің халықаралық күні аталып өтеді

Бөлісу

Жыл сайын 21 мамырда Мәдени әртүрліліктің халықаралық күні аталып өтеді. Бұл күн тек қана әлемдік мәдениеттің мұрасы жөнінде насихаттау ғана емес, мәдениетаралық диалог арқылы бейбітшілік пен тұрақты дамуға қол жеткізуге болатынын алға тартады. Бірікке Ұлттар Ұйымы алғаш рет 2002 жылы ЮНЕСКО тарапынан Мәдени әртүрлілік туралы жалпыға ортақ Тұжырымдама қабылданғаннан соң 21 мамырды Мәдени әртүрліліктің халықаралық күні деп жариялады.

Конфессияаралық және өркенитаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы  мәдениеттер мен діндер диалогын дамытуға әрдайым мүдделі екенін білдіре отырып, мәдени және діни құндылықтардың ұстанымдарын халықаралық деңгейде тұрақты негізде алға тартып келеді.