Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Жаңалықтар

Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастық перспективалары Халықаралық орталықта талқыланды

Бөлісу

2026 жылғы 1 сәуірде Астана қаласында Конфессияаралық және дінаралық халықаралық диалогтың орталығы Басқарма төрайымы Гүлсана Қожабай мен Қазақстан Республикасындағы Қасиетті Тақтың Апостолдық нунцийі, архиепископ Джордж Панамтундила арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар рухани келісімді нығайтуға және жалпыадамзаттық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады.

Диалог аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы қарсаңында өткізілетін Екінші бірлескен коллоквиумға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілік танытып, жаһандық деңгейдегі конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.