2025 жылғы 20 қарашада Астана қ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тәуелсіз сот сараптамалары одағы (ТССО) және ЕҰУ ұйымдастырған «Жасанды интеллект дәуіріндегі сот сараптамасының болашағы» атты халықаралық форум өтті. Форум Қазақстан Республикасында сот сараптамасының құрылғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылып, мемлекеттік органдардың өкілдерін, ғылыми қауымдастықты және шетелдік жетекші сарапшыларды бір алаңда жинады.
Халықаралық конфессияаралық және өркениетаралық диалог орталығынан шақырылған қонақтар ретінде дінтану сараптамасы департаментінің директоры Бірәлі Эльмира Атиғоллақызы және департаменттің жетекші сарапшысы Әбдікамал Мөлдір Серікбайқызы қатысты.
Форум барысында сот сараптамасын цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайындағы негізгі даму бағыттары талқыланды: сараптамалық процестерді автоматтандыру, деректерді өңдеу дәлдігі мен жеделдігін арттыру, жасанды интеллектті қолданудың этикалық және стандарттау қырлары, цифрлық криминалистика және интеллектуалды жүйелерді пайдаланудың халықаралық тәжірибесі.
Центр қызметкерлері шетелдік мамандармен кәсіби ынтымақтастық перспективаларын, әдістемелермен алмасу және халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Рухани-діни мазмұндағы материалдарды талдауда жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері ерекше қызығушылық тудырды. Форум қорытындысы бойынша Орталық қызметкерлеріне қатысу сертификаттары табысталды.