Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылды

Бөлісу

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия  құрылды. Форум 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада өтетін болды.

Съез жұмысына әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, беделді саяси, ғылым және қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде.

Форум барысында Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын беру және көрнекті діни, қоғам және саяси қайраткерлерге Съездің Құрмет медалін табыс ету жоспарланып отыр.

Алдағы Съездің басты тақырыбы «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» деп аталады, сондай-ақ халықаралық ауқымдағы өзекті мәселелерге арналған секциялық отырыстар өтетін болады.