Жаңалықтар

Сербияның Қасиетті Патриархы Порфирийге Астанада өтетін VIII Съезге қатысуға шақыру хаты табыс етілді

Бөлісу

Белград, 2025 жылғы 21 ақпан – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Қасиетті Патриархы Порфириймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы туралы талқылады.

М. Атамқұлов сұхбаттасын Қазақстанның дінаралық келісім мен конфессияаралық диалогты қолдау саласындағы саясатымен таныстырды.

Қазақ дипломаты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жаһандық конфессияаралық диалогты сақтау мен нығайтудағы рөлін атап өтті және осыған байланысты Патриархқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ү.ж. қыркүйекте Астанада өтетін VIII Съезге қатысуға шақыруын табыс етті.

Өз кезегінде Сербияның рухани көшбасшысы аталған маңызды іс-шараға шақыру үшін алғысын білдіріп, әртүрлі діндер арасындағы тұрақтылық пен келісімді қолдайтын бірегей қазақстандық модельдің өзектілігі мен тиімділігін атап өтті.