А.ж. 15 – 17 қазан күндері Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының кеңесшісі Б.Сәрсенбаев Нинбо (ҚХР) қаласында өткен Қытай буддистері ассоциациясының VI Әлемдік буддистер форумына қатысты.
Алтыншы буддистер форумы 2024 жылдың 15-17 қазан аралығында Қытайдың Чжэцзян аймағындағы Нинбо қаласының жанындағы Сюэдоу тауында өтті. Форум тақырыбы: «Тіршілік үшін қол ұстас». Форум аясында буддизмнің рухани мәдениетіне, сондай-ақ діни лидерлердің әлеуметтік жауапкершілігіне, теңдікке және әлемдегі гуманистік буддизм идеясына қатысты мәселелер қаралды.
Форумға 73-тен астам елден 100 өкіл қатысты. І-шара қорытындысы бойынша декларация қабылданды.