Жаңалықтар

Тараз қ. ҚР Рухани келісім күніне орайластырылған конференция өтті

Бөлісу

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Б.Бакиров Тараз қаласында өткен РУХАНИ КЕЛІСІМ күніне орайластырылған конференцияға қаысты. Шараны Жамбыл облыстық Дін істері басқармасы ұйымдастырған болатын.

Өз баяндамасында Б.Бакиров «Жамбыл облысы көпұлтты, көпконфессиялы,  Қазақстанның бірлік пен татулықтың өңірі болып таңылады. Әрбір этнос өз мәдениетін, тілін және дәстүрін сақтап, оларды дамытуда. Рухани келісім туралы айтқанда, еліміздің маңызды бітімгершілік бастамаларының бірі – 2003 жылдан бері Астанада өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі. Бұл форумда әлемдік діндер көшбасшыларын бір алаңға жинап, бейбітшілік пен келісімге қол жеткізу жолдарын талқылауға мүмкіндік береді. Осы съездер арқылы Қазақстан дінаралық диалогтың жаһандық платформасына айналды. Әлемдегі қазіргі жағдай өзгерісті талап етеді. Тек экономикалық немесе саяси реформалар жеткіліксіз, сонымен қатар адамның сана-сезімі мен рухани құндылықтарын дамыту қажет. Әлемдегі әлеуметтік, экологиялық және саяси дағдарыстарды шешу үшін рухани жаңғыру, толеранттылық және әділеттілікке негізделген жаңа көзқарас қажет. Қазақстан осы рухани жаңғырудың бастамашысы ретінде танылды» деп атап өтті.